18 қазандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қазан күні республика аумағында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

18 қазан күні 12.00-де Ақордада шетел елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтеді.

9.00-де Астанадағы Назарбаев орталығында «Этникалық топтардың бейбіт өмір сүруін қалыптастыру стратегиялары» тақырыбында халықаралық конференция басталады.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай, Қазақстандағы Конрад Аденауэр  қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Мафаэль Рольф, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Германия Бундестагының депутаты, ұлттық азшылықтар істері бойынша Германия федералды үкіметінің уәкілі Кошик Хартмут, ҚХА мүшелері,  ғылым мен шығармашылық интеллигенция, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері және БАҚ қатысады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы басталады.

15.00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы - «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен перспективалары және ЭКСПО-2017-де көрсетілген технологияларды облыста қолдану».

15.00-де Бас прокуратура ғимаратында өкілетті органдар мен әуе компаниялары жиналыс өткізіп, азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылайды.

15.00-де ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша Заң жобасы жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

 Қоғамдық тыңдауда мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына қатысты заңнамалық түзетулер түсіндіріледі және талқыланады.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндеНара ғылыми-зерттеу институтының профессорыСадакацу Кунитакенің қатысуымен «ҚР Ұлттық музейі археологиялық экспедициясының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарының нәтижесі: Қазақстан-Жапония, Қазақстан-Германия, Қазақстан-Ресей» тақырыбында ҚР Ұлттық музейінің 2017 жылы жүргізген халықаралық археологиялық зерттеулерінің қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтеді.


16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заңгерлік көмек туралы» заң жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының ғимаратында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы Бақтияр Мәкеннің қатысуымен «Жастар кадрлық резерві - 2017» бағдарламасының кандидаттарын марапаттау рәсімі өтеді.  

Соңғы жаңалықтар