18 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

52 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Замир Садықұлы САҒЫНОВ дүниеге келді.

Құрылысшы-инженер мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы аға жол шебері болып бастаған. Фурманов аудандық автожол мекемесінің прорабы, бас инженері, «Оралавтожол»  Орал қазыналық кәсіпорнының бас инженері, жол қозғалысының қауіпсіздігі, жолды сақтау және байланыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

1999-2006 жылдары - «Қазақавтожол» РМҚК Батыс-Қазақстан облыстық филиалының директорының пайдалану жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, бас инженері, Батыс Қазақстан мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры, Батыс Қазақстан  облысы Казталов ауданының әкімі. 2006 - 2007 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2007 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2007 - 2014 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2014 жылғы наурыз-тамыз аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2015 жылғы тамыздан қазіргі қызметінде.  

ҚР «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған

47 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы БІРТАНОВ дүниеге келді.

Жамбыл қаласында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік медицина университетін, Аризона штатының университетін, Ресей дипломнан кейінгі медициналық білім академиясын, Шарите Университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін,  Duke University, Fugua  School of Business (АҚШ), Global Executive МВА магистратурасын бітірді. Алматы қаласында жедел медициналық көмек ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, «Ұлттық  медициналық  холдинг» АҚ Басқарма төрағасы  болып жұмыс істеді. 2014 жылғы мамырдан бастап  - Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы басқармасының төрағасы. 2015 жылғы қарашадан бастап - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымының докторы. 2017 жылғы қаңтардан бастап қазіргі қызметінде.

58 жыл бұрын (1960) танымал әртіс, әрі режиссер ЖАН-КЛОД Ван Дамм(шын ата-тегі - Ван Варенберг) дүниеге келді.

Бельгияда туған. Бала күнінде балетпен шұғылданса, одан кейін каратэмен және кикбоксингпен айналысып, 1980 жылы Еуропа чемпионы атанады. Бір жылдан кейін АҚШ-қа келіп, 1983 жылдан бастап кино саласына бет бұрды. 1986 жылы түсірілген «Берілме де, тайсалма!» киносындағы сомдаған рөлі қалың бұқараны дүр сілкіндірді. Одан кейін шет ел көрермендеріне, оның ішінде, Азия жұртшылығының назарына арнап, шығыс жекпе-жек өнерін паш ететін, 1987 жылы түсірілген «Қанды спорт», 1988 жылы «Қара қыран», «Киборг» және 1989 жылы «Кикбоксер» фильмдерінде ойнады. Сондай-ақ өзі де жекпе-жекке арналған бірқатар шығармалар, басқа режиссерлермен бірлесіп «Екі есе соққы» фильмін түсірді. 1990 жылдары АҚШ-та түсірілген бірнеше фильм оны әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналдырды.

Соңғы жаңалықтар