18 қазан күні елордада автобус жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда 18 қазан - жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Ал 17 қазан, сенбіде кешкі 23.00 дейін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы City Transportation Systems компаниясы ресми мәлімет таратты.

«Құрметті жолаушылар! Еске сала кетейік, карантин шараларының күшейтілуіне байланысты 18 қазан, жексенбі күні қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі» делінген компания хабарламасында.

Дүйсенбі, 19 қазаннан бастап автобустар қайтадан қалыпты режимде қатынайды.

«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз» деп ескертеді CTS.

Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.


Соңғы жаңалықтар