18 қарашада еліміздің басым бөлігінде қар жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 қарашада, Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық ауа ағыны әсерінен қар жауады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысына орталығы Самарада орналасқан антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар