18 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қараша күні танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Туризм және спорт академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Ол Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қырғызстан Олимпиада қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын медальдарымен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). ШҚО Үржар ауданының құрметті азаматы.
Ол ШҚО Үржар ауданы Благодатное ауылында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. 1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарды. 1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшылық құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды. 1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016-2020 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2007); Мәскеу саяси зерттеулер мектебін (2008) бітірген. Швецияның SIPU International мемлекеттік және муниципалдық басқару институтында тағылымдамадан өтті.
Еңбек жолы: Орталық Азия университетінің әлеуметтік-саяси тәртібі кафедрасында оқытушы (09.2007-11.2007); Орал қаласындағы ТДК-42 телеарнасында жаңалық қызметінің редакторы, телебағдарламаларының жүргізушісі, авторы (01.2008-10.2008); RFE/RL Inc. Медиакорпорациясының Қазақстандағы өкілдігінде тілші, радиожүргізуші, PR қызметінің басшысы (2008-2012); «Назарбаев орталығы» ММ бас сарапшысы (01.2013-08.2013); «Нұр Отан» ҚХП қоғамдық саясат институтының штаттан тыс кеңесшісі (2014-2015); «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктесі (2014-2015); «Медиатехнологиялар орталығы» жеке қорының директоры (2015-2016); Қызылорда облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелер және ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі (2016-2017); Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы (05.2017-08.2017).
Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қаңтарынан бастап.
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Жыл сайынғы қоғамдық «Халық сүйіктісі» сыйлығының 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік публицист» номинациясының иегері;
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам