+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

18 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 18 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
18 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


56 жыл бұрын (1963) палуан, грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Болатұлы ТҰРЛЫХАНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында туған. Туризм және спорт академиясын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Ол Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, ХІІ Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері болған. 1995-1999 жылдары екі мәрте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. 2000-2006 жылдары Туризм және спорт агенттігінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Қырғызстан Олимпиада қозғалысын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Олимпиадалық орденмен, FILA, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің алтын медальдарымен, І дәрежелі Ұлы Петр орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2000). ШҚО Үржар ауданының құрметті азаматы.


54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Робертович БЕККЕР дүниеге келді.

Ол ШҚО Үржар ауданы Благодатное ауылында туған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары техникалық училищесін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

1983 жылғы қараша мен 1985 жылғы желтоқсан аралығында КСРО Қарулы Күштерінде қызмет өткерді. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 1986 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарды. 1988 жылдан бастап 1991 жыл аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшылық құрамда әртүрлі лауазымдар атқарды. 1991 жылғы желтоқсаннан бастап 2008 жылғы қыркүйек аралығында мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарды атқарды. 2008 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары. 2014 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2016 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызмет үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медальдарымен, «Отличник противопожарной службы», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT