+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

18 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 18 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
18 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 18 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді.

1997 жылы Вашингтонға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сапары барысында «Қарашығанақ» мұнай-газ кеніші жөніндегі келісімге қол қойылды. Пайда үлесінің 80%-ы Қазақстанға тиесілі болды. 1999 жылы Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді. 1999 жылы Қарағанды облысының Ульянов елді мекенінде Бұқар жырауға ескерткіш орнатылды.

2013 жылы Түркияның Самсун қаласындағы үлкен сахнада танымал қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың шығармасы - «Біржан мен Сара» операсы ұсынылды.

2014 жылы Чеджуде (Оңтүстік Корея) Халықаралық бокс қауымдастығының конгресінде отандық боксқа арналған тарихи оқиға орын алды - алғаш рет ұйым тарихында AIBA вице-президенттігі лауазымына Қазақстанның екі өкілі - Тимур Құлыбаев пен Серік Қонақбаев сайланды.

2014 жылы Алматыдағы «Көкқайнар» шағын ауданының маңында Алатау ауданы аумағында қаланың тарихи мұражайларының археологтары мен мамандары қорғандардың бірінен біздің дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырлардағы әйелдің сүйегі табылды. Жәдігердің бірегейлігін молада болған заттар мен жерлеу ерекшеліктерінен байқауға болады. Сонымен, оның жанынан құмнан жасалған ылыс, құрбандыққа сойылған қой сүйегі, үлкен қола жүзік, шаш жинайтын түйреуіш, қоладан жасалған айна табылды. Мұндай ежелгі айнаның саны Қазақстан бойынша 10-ға жетер-жетпес.

2014 жылы Қазақстан астрономиясының даму кезеңдерінен сыр шертетін «Астрономия» деген атпен қазақ тіліндегі алғашқы үлкен энциклопедия жарық көрді.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам ұлт жоспарының мемлекет, жұмыс беруші, азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидатының негізінде міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу бөлігін іске асыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

2016 жылы Мәскеуде өткен ең үздік туристік бағыттар айқындалатын «National Geographic Traveler Awards - 2016» байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның астанасы «Болашақтың қаласы» арнайы аталымын жеңіп алды.

2017 жылы Қазақстандық мектеп оқушылары Коста-Рикада өткен WRO-2017 робот техникасы бойынша бүкіләлемдік олимпиадада үздік нәтиже көрсетті. Онда Ратмир Сартбаев пен Әнел Кәрімғали жасаған өрт сөндіруші робот шығармашылық санаттағы үздік жобалардың бірі атанды.

World Robot Olympiad – робот техникасы бойынша 10-21 жас аралығындағы жастар мен оқушыларға арналған басты халықаралық байқау. Олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT