18 қаңтардан ЖОО-ларда қандай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 қаңтардан бастап жоғары оқу орындарында қай курс студенттері дәстүрлі форматта оқиды? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 128 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Білім алушылардың контингенті – 619 861 адамды құрайды. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы қыркүйек айында коронавирус пандемиясына байланысты жоғары оқу орындарында оқыту процесі қашықтан және аралас форматта басталды. Бұл үшін ЖОО-лар қажетті цифрлық инфрақұрылыммен жабдықтау бойынша жұмыс жүргізді», - деді Мирас Дәуленов.

Оның айтуынша осы жылдың 18 қаңтарынан бастап 1 курс студенттері көбінесе дәстүрлі форматта оқи бастайды.

«Нақтырақ айтқанда, лекциялар онлайн форматта ұйымдастырылады. Ал семинарлар, зертханалық және практикалық оқулар дәстүрлі форматта оқиды. 2, 3, 4-інші курс студенттері үшін оқу форматы бұрынғыша қалады. Жоғары оқу орындары осы форматта студенттерді қабылдауға дайын», - дейді ол.



Соңғы жаңалықтар