18 қаңтардан бастап СҚО мектептерінде асханалар ашылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде дүйсенбіден бастап асханалар ашылады. Кезекші сынып оқушылары үшін «ыстық тамақ» ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, мұндай шешім өңірлік ведомствоаралық комиссияда қабылданғаны.
Бұл ретте барлық санитариялық - эпидемиологиялық шаралар сақталуға тиіс.
Асхананың толтырылуы бір уақытта 30%-дан аспауы керек. Егер асхана 100 орындық болса, онда бір уақытта 30 оқушы ғана тамақтана алады.
Асхана қызметкерлері медициналық бетперде тағулары керек және бетперделерін әр 3 сағат сайын ауыстырылып тұруы тиіс.
Үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы керек.
Тамақтану аймағында тазалық жұмыстары әр сағат сайын жүргізілуі қажет, онымен қатар бөлме жиі желдетілуі керек.
Асхана қызметкерлері үшін міндетті түрде байланыссыз термометриясы бар таңертеңгілік сүзгі ұйымдастырылады, ЖРВИ белгілері жоқ қызметкерлер жұмысқа жіберіледі.
Нормалардың сақталуына мектеп әкімшілігі жауапты болады.
- Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен 4 адам құтқарылды
- Аустралияда қатаң карантинде жатқан теннисшілер үшін турнир өтеді
- Түркістан облысының Леңгір қаласында Оқушылар үйі салынады
- Дәрігерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
-
Білім және ғылым министрлігіне қарсы ақпараттық науқан жүріп жатыр - Президент
-
Мемлекет басшысы биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам