18 қаңтарда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 18 ақпан күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Палата отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

15.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Ведомствоның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, осы жылға арналған жоспары жайлы айтылатын онлайн-жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысады. Кеңейтілген алқа мәжілісті мына сілтеме арқылы көруге болады.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездеседі.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде жануарларға зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Қуат Ғазизұлы Чумакаев, «Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығы» ЗТБ басшысы« Лилия Халидуллақызы Сарсенова, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Аян Азаматұлы Мейраш. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz


АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған деректі, экспозициялық және кітап көрмелерінің циклі салтанатты түрде ашылады.

11.30-да Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «МӘМС: 2021 жылғы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-брифинг өтеді. Спикерлер: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» коммерциялық емес АҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

Соңғы жаңалықтар