18 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 18 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

58 жыл бұрын (1964) «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ президенті Арман Бекетұлы ЕСЕНЖОЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003). Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1986) бітірген, инженер-металлург. Металлургия саласындағы оннан астам авторлық патентке, оның ішінде РФ патенттеріне ие.

1986 жылдан – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы, 1987 жылдан – өндірістік шебері, 1989 жылдан – ауысым бастығы, 1991 жылдан – аға шебері, 1993 жылдан – цех бастығы, 1997 жылдан – бас инженердің орынбасары – өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан – зауыттың бас инженері. 2006 жылдан – Серов ферроқорытпа зауытының (РФ) бас директоры. 2008 жылдан бері – «Қазхром» ТҮК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры. «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті (басқарма төрағасы) (2015-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың наурыз айынан бастап.

2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

43 жыл бұрын (1979) ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Ерікұлы БІРЖАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған.

Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады. 1999 жылдан 2004 жылға дейін СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді. 2004 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 2014 жылғы наурыз-қараша аралығында — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы. 2014 жылғы қарашадан 2017 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін — «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. 2017-2018 — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы. 2018 жылдан 2020 жылдың сәуір айына дейін «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың наурызынан.

41 жыл бұрын (1981) Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Сәкен Сансызбайұлы ЖОРАБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында (қазіргі – Тараз) туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы Орал қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.Әр уақыттарда Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстарының прокуратураларында және Бас прокуратурада қызмет атқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

39 жыл бұрын (1983) «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Мұрат ЖҰМАНБАЙ дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2004); Қазтұтынуодағының жанындағы Қарағанды экономика университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қаржы полициясы академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, ғылыми зерттеуші (2004-2009); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз орталығының ерекше маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2009-2010); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі – ресми өкілі (2012); ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі – ҚР Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің басшысы (2014-2016); ҚР Парламенті Сенатының Құқықтық сараптамалар бөлімінің бас консультанты, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (2016-2017); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ ресми өкілі – директор орынбасары (02.2017-04.2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі (04.2017-11.2017). 2017-2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы. 2019-2021 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ басқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың ақпанынан.

37 жыл бұрын (1985) «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Шоқанұлы КҮЗДІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2005 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де Менеджмент магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолы: 2008-2009 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Халықаралық еншілес ұйымдарды дамыту департаментінің бас маманы. 2009-2012 жылдары – «Бірінші несиелік бюро» ЖШС Қаржылық жоспарлау және қызметтерді дамыту бөлімінің басшысы. 2012-2013 жылдары – «Мемлекеттік несиелік бюро» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылы «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. 2015-2020 жылдары – «Бәйтерек девелопмент» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылғы тамыздан бастап.


Соңғы жаңалықтар