18 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1959) Жамбыл облысының прокуроры Ибрагим Әлжанұлы ИМАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1976 жылы Қазақ Политехникалық институтының тау-кен факультетіне түсіп, аталған институтты 1980 жылы бітіріп, «тау-кен инженері» мамандығы бойынша диплом алған. 1995 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, «құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолы: 1993 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі, Павлодар облысы Қашыр ауданының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім прокуроры, ҚР Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы Департаментінің меншік және кәсіпкерлік заңдарының қолданылуына қадағалау жасау бөлімінің аға прокуроры, осы бөлімнің бастығы, Павлодар және Қарағанды облыстары прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры, 2011 жылдың қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың тамызынан бастап.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «II дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Прокуратураның құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының құрметті азаматы.

59 жыл бұрын (1960) ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Александр Васильевич СУСЛОВ дүниеге келді.

Ресейдің Алтай өлкесі Залесовский ауданы Тундриха селосында туған. 1977 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір Металлургиялық институтына түсіп, 1982 жылы оқу орнын «Болат пен ферроқорытпа электрометаллургиясы» мамандығы бойынша бітірді.
1984 - 1986 жылдары - Ақсу ферроқорытпа зауыты № 2 цех балқытушысы, Ақсу қаласы; 1986 - 1988 жылдары - № 2 цех негізгі өндірістік участогының шебері; 1988 - 1990 жылдары - № 2 цехының ауысым бастығы; 1990 - 1996 жылдары - № 2 цех ыстық жұмыстар участогының аға шебері; 1996 - 2003 жылдары - № 2 цехының бастығы; 2003 - 2004 жылдары - Ақсу ферроқорытпа зауытының (АФЗ) өндірістік-техникалық басқармасының басшысы, Ақсу қаласы; 2004 - 2008 жылдары - АФЗ директорының өндіріс және экология бойынша орынбасары; 2008 - 2016 жылдары - АФЗ техникалық директоры. 2016 жылғы 24 наурызда «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылым депутаты болып сайланды.

55 жыл бұрын (1964) «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ президенті Арман Бекетұлы ЕСЕНЖОЛОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туған. Техника ғылымдарының кандидаты. Ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003).

Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1986) бітірген, инженер-металлург.

Металлургия саласындағы оннан астам авторлық патентке, оның ішінде РФ патенттеріне ие. 1986 жылдан - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы, 1987 жылдан - өндірістік шебері, 1989 жылдан - ауысым бастығы, 1991 жылдан - аға шебері, 1993 жылдан - цех бастығы, 1997 жылдан - бас инженердің орынбасары - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, 2002 жылдан - зауыттың бас инженері. 2006 жылдан - Серов ферроқорытпа зауытының (РФ) бас директоры. 2008 жылдан бері - «Қазхром» ТҮК» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры. «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті (басқарма төрағасы) (2015-2018).

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың наурыз айынан бастап. 2010 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.


46 жыл
бұрын (1973) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Ерғалиұлы АБДУЛЛИН дүниеге келді.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, Ойыл, Алға аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың шілдесінен бастап.

36 жыл бұрын (1983) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат ЖҰМАНБАЙ дүниеге келген.

Қарағандыда туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін (2004); Қазтұтынуодағының жанындағы Қарағанды экономика университетін (2006) бітірген.

Еңбек жолы: Қаржы полициясы академиясының оқытушысы, аға оқытушысы, ғылыми зерттеуші (2004-2009); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) баспасөз орталығының ерекше маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (2009-2010); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының бастығы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының кеңесшісі - ресми өкілі (2012); ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі - ҚР Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің басшысы (2014-2016); ҚР Парламенті Сенатының Құқықтық сараптамалар бөлімінің бас консультанты, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы (2016-2017); ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ОКҚ ресми өкілі - директор орынбасары (02.2017-04.2017); ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі (04.2017-11.2017).

Қазіргі қызметін 2017 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар