18 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы
2022 жылғы 18 қаңтар 06:21

18 қаңтар. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 18 қаңтарда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын көбінесе қар түрінде өтеді. Республиканың тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандары антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы басым болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің күшеюі 18-23 м/с болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, күндіз батыста, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен жел соғады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Jańalyqtar

MURAǴAT