+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 18 қаңтар 07:00
Бөлісіңіз:
18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 18 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақ КСР-інде тұратын көп балалы аналарға «Батыр Ана» атағын беру туралы» Жарлығы жарияланды.

1992 жылы Аустрия Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады.

2005 жылы Мәскеуде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Шекараның жалпы қашықтығы 7 590 шақырымды құрайды.

2006 жылы Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында тарихи-тағылымдық «Қазақтар» драмасының премьерасы болды. Қойылымда қазақ халқының өз алдына мемлекет болып қалыптасу кезеңі сөз болып, ал негізгі идеясы - түбі де, тегі де бір түркі әлемінің аласапыран мына заманда қайта тұтасу мақсатын көздейді.

2011 жылы Астанада DVB-S2 сандық стандартында телерадио таратудың ұлттық спутниктік желісінің іске қосылу салтанаты өтті. Спутник хабар таратудың жаңа жүйесі елдің барлық тұрғындарына, соның ішінде шалғайда орналасқан ауылдық елді мекендердің спутниктік каналдар арқылы 37 республикалық және өңірлік телерадиобағдарлама қабылдауға мүмкіндік туғызды.

2012 жылы Алматы метрополитені миллионыншы жолаушыны тасымалдады. Ол – қаланың 27 жастағы тұрғыны Әділжан Псяев болып шықты. Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған.

2014 жылы Алматыда Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі ашылды. Мұражай суретшінің 1957-1973 жылдар аралығында өзі тұрған үйінде орналасқан. Ондағы жәдігерлер Ә.Қастеевтің өз қолынан шыққан туындылары мен жеке заттары. Сонымен қатар мұражайға оның суреттері мен құжаттары қойылған.

2015 жылы Лондонның St. Luke's соборында танымал қазақ композиторы Еркеш Шәкеев шығармаларының әлемдік премьерасы өтті. Кеш Марат Бейсенғалиев пен Лондон симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті.

2017 жылы «Қазпошта» АҚ «Рио-де-Жанейродағы XV Паралимипиадалық ойындар» тақырыбымен «Спорт» сериялы пошта маркаларын айналымға шығарды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы болды.

Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтті. Қазақстан кеңеске төраға ретінде аталған шараның тұжырымдамасын ұсынып, оны ҚК-нің барлық мүшелері қолдаған болатын. Құжатта «Бейбітшілік. XXI ғасыр» Манифесі және 2017 жылдың 6 қаңтарындағы «Қазақстанның қауіпсіз әділ, дамыған әлем үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымды көзқарасы» атты екі құжат негізге алынған.

2018 жылы «Қазақстанның 100 жалпыұлттық қасиетті жері» республикалық тізіліміне Ақмола облысындағы 10 киелі орын енгізілді. Олар: Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Батығай кесенесі, Оқжетпес тауы, Қабанбай батыр кесенесі, «Беспақыр» мазары, Баубек батыр моласы.

2019 жылы Атырауда қазақ үш биіне – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биге ескерткіш орнатылды. Монументтің биіктігі 4 метр, қоладан жасалған. Ескерткіштің авторы – танымал қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT