18 ақпан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 18 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null
ЕСІМДЕР

81 жыл бұрын (1938) «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ президенті, Халықаралық бизнес университетінің құрметті президенті Кенжеғали Әбенұлы САҒАДИЕВ дүниеге келген.

Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (1960) бітірген.

Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы (1960-1963); Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты (1963-1966); Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды (1966 жылдан); Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры (1982-1990); Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры (1990-1994); ҚР ҰҒА президенті (1994-1996); Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің, Халықаралық бизнес университетінің ректоры (1996-2004); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004-2007); «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі (2007-2011); «Атамекен» Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі (2010 жылдан). ҚР ҰҒА академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, ҚР ЖМ ҒА және ЖМ ХҒА академигі, Пәкістан ҒА мүшесі (2002).

Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. «Қазақстанның Еңбек» сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003). «Еңбек Қызыл Ту» (1971), «Халықтар Достастығы» (1987), «Парасат» (2005), II дәрежелі «Барыс» ордендерімен; бірнеше медальмен марапатталған. Кембридж өмірбаян орталығының "Жыл адамы - 1992" атағын алды.

54 жыл бұрын (1965) «EXPO & Women» халықаралық ұйымының директоры Салтанат Темірқұлқызы РАХЫМБЕКОВА дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында 1965 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, сондай-ақ Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Ол әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінде, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.2012 жылдан бастап Қазақстанның азаматтық альянсы вице-президенті, Қазақстанның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұлттық палатасы президиуымының төрайымы лауазымында болды. Сондай-ақ, 2013 жылдың наурызынан «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту үшін коалициясының Басқарма төрайымы болып сайланған.

Қазіргі қызметінде 2015 жылдың тамыз айынан бастап.

45 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Айдын Маратұлы НҰРБЕКОВ дүниеге келген.

Өскеменде туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1996).

Еңбек жолы: Алматы қалалық сотының консультанты, жетекші консультанты (1995-1996); Талдықорған гарнизоны әскери соты төрағасының көмекшісі, ҚР Әділет министрлігі әскери соттар басқармасының инспектор-кеңесшісі (1996-1997); ҚР Әскери соты төрағасының көмекшісі (1997-2000); Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы (2000-2004); Алматы қалалық сотының судьясы (2004-2007); ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы (2007-2010); ҚР Әскери соты кассациялық сот алқасының төрағасы (2010-2015).

Қазіргі лауазымын 2015 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар