+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

2020 жылғы 22 қыркүйек 09:16
Бөлісіңіз:
18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті,, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында рекордтық өнім жиналды Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы саласы қалай дамыды 2025 жылға қарай ауыл мектептерінің 95 пайызы жаңғыртылады

«Биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақтылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4 пайызында егін жиналды. Ал өткен жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6 пайызы жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна)», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT