17 желтоқсан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

124 жыл бұрын (1894-1938) отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым-педагог, әдіскер, әдебиетші, сыншы, тарихшы, аудармашы, қоғам қайраткері Телжан ШОНАНҰЛЫ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған. Екі сыныптық Ырғыз орыс-қазақ училищесін, Орынбор қырғыз (қазақ) мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын бітірген. 1917 жылы Алашорда үкіметінің А.Байтұрсынов басшылық еткен Оқу комиссиясына сайланған. Мұғалім, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған. 30-дан астам оқулықтың авторы. «Жаңалық», «Сауаттан», «Колхоз ауылы», «Оқу құралы» (А.Байтұрсыновпен бірге), «Тіл дамыту», «Қазақ тілінің оқу құралы», т.б. латын әрпі, татар, ұйғыр, түрік тілдері жайлы зерттеу еңбектері бар. «Қазақ жер мәселесінің тарихы» (1926) атты Ташкентте басылған кітабында қазақ жерін отарлаудың 200 жылдық тарихы талданған. 1994 жылы Ақтөбеде құрылған Т.Шонанұлы атындағы қайырымдылық қоры ғалым мұрасын іздестірумен, зерттеумен айналысады.

64 жыл бұрын (1954) педагогика ғылымдарының докторы, математика профессоры, Жоғары мектеп ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Хайроллаұлы ЗАКИРЬЯНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1993-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, облыс әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болған. Қазіргі қызметінде - 1998 жылдан. АҚШ-тағы Иллинойс университетінің құрметті профессоры. Қазақстан университеттері Ұлттық спорт одағының президенті, Еуропа мен Азиядағы спорт жоғарғы оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті.

52 жыл бұрын (1966) Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Мүлікұлы АҒЫМБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы, Мақаншы кеңшарында туған.

1985 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унивеситетін бітіріп, хореография пәндерінің оқытушысы мамандығын алған. Еңбек жолын 1985ж. «Алтынай» халық билері ансамблінде балет әртісі болып бастады. 1999ж. Астана қаласының Мемлекеттік филармониясында қызмет атқарды. 2005-2006 жж. Астана қаласының мәдениет департаментінде өнер бөлімінің бастығы, 2008-2010жж. Астана қаласының мәдениет басқармасын басқарды.

2010-2013жж. «Наз» мемлекеттік би театрының директоры қызметін атқарды.

2013ж. қараша айынан Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

42 жыл бұрын (1976) Қостанай облысы әкімдігінің жерді қорғау және пайдалануды бақылау жөніндегі басқармасының басшысы 

Нұрлан Әбдірахманұлы ӘБДУОВ дүниеге келді.

Қостанай облысының тумасы. 1997 жылы Қостанай Ауылшаруашылық институтын (агроном) тәмамдаған.

Еңбек жолы: «Бірлік» ЖШС астық компаниясының менеджері (1998); «Садчиковка» ЖШС бригада агрономы (2002-2005); «Алтын-Инвест» ЖШС бас агрономы (2005-2006); «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы (2006-2007); «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы (2007); Арқалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы (2007); «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ Жердің пайдаланылуын сараптау, жоспарлау  және лицензиялау» бөлімінің бастығы (2009-2010); «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ бастығы (2010-2017).

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері.


36 жыл бұрын (1982) Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі - Ержан Жұматұлы ЖЫЛҚЫБАЕВ дүниеге келді.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас эксперті болып жұмыс атқарған. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің бөлімі бастығы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарында жұмыс атқарды. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмысының мемлекеттік инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап - қазіргі қызметінде.



 

Соңғы жаңалықтар