+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

17 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
17 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 17 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады..

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні

1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды. Сонымен қатар, аталған Жарлықтың 4-тармағы бойынша желтоқсанның 17-сі Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1919 жылы Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Қазіргі «Egemen Qazaqstan» газеті. Өзінің алғашқы нөмірінен-ақ басылым қазақ халқын халықаралық және еліміздің ішкі жағдайларының аса маңызды оқиғаларымен таныстырып отырды. Сол кезден бері газет атауы сегіз рет өзгерді. Биыл «Egemen Qazaqstan» өзінің 100 жылдығын кең көлемде республика аумағында атап өтті.

1930 жылы Қостанай облысының солтүстік бөлігінде орналасқан Меңдіқара ауданы құрылды. Аумағы – 6,6 мың шаршы шақырым. Аудан 12 ауылдық округ пен аудан орталығынан құралған.

1930 жылы Алматы облысының солтүстік-шығысында Ақсу ауданы құрылды. Ауданның аумағы 13,6 шаршы шақырымды құрайды.

1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда қазақ жастарының КСРО билігінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары орын алды. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Г.В.Колбинді Казақстан Компартиясы ОК-нің 1-ші хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Желтоқсанның 17-і күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін ереуілшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ олардың қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, оларды тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің № 0385 бұйрығы негізінде дайындалған «Құйын-86» операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Желтоқсанның 18-і күні алаңға қайта жиналмақ болған жастарға қарсы әскер күші қолданылды. Олардың қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер желтоқсанның 19-ы күні қаланың әр тұсында кайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде, барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхамеджанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19-23-і аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқант, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Көтеріліске КОКП ОК-нің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Қазақстан төуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық калпына келіп, бұл жөнінде «Желтоқсан. 1986. Алматы.», «Желтоқсан құрбандарын жоқтау», «Ер намысы - ел намысы» жинақтары, К.Тәбейдің «Мұзда жанған алау», Т.Бейісқұловтың «Желтоқсан ызғары» кітаптары жарық көрді, «Аллажар», «Қызғыш құс» кинофильмдері түсірілді. 2006 жылы М.Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты көлемді кітабы басылып шықты.

2003 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

2009 жылы Шымкентте Әбілхан Қастеевке ескерткіш орнатылды. Ескерткіш ғұлама суретшінің есімі берілген көркемсурет колледжінің алдында орналасқан. Әбілхан Қастеев (1904-1973) - Қазақ ССР-нің халық суретшісі, Қазақстан көркемөнерінің негізін салушы. Мыңнан астам шығармасы бар. Оның жұмыстары Ресейдің Мемлекеттік Третьяков галереясында, Шығыс халықтары өнерінің мемлекеттік мұражайында, Мәскеудегі Ленин орденді ССРО Төңкерісі орталық мұражайында, Қазақ ССР Мемлекеттік өнер мұражайында және басқа да көптеген елдердің мұражайларында сақтаулы.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Елшілігі Түркиядағы қазақтар қорында Балалар орталығын ашу рәсімін өткізді.

Орталыққа сыйлық ретінде қазақ тілін, Қазақстан тарихы мен әдебиетін меңгеру бойынша оқу-әдістемелекі материал, сондай-ақ ұлттық нақыштағы балалар ойыншықтары табысталды.

2014 жылы Қазақстан QS University Rankings рейтингі бойынша ең үздік университеттері бар елдер тізіміне енді.

2016 жылы талдықорғандық Гүлжанат Жанатбек Қытайдың Куньмин қаласында өткен ШЫҰ халықаралық марафонында 21 шақырым қашықтықта әйелдер арасында бірінші орын иеленді.

2018 жылы Алматыда тарихи-құжаттамалық көрме өтті, онда егемен еліміздің құрылуының дәлелдемелерін көруге болады. Мұнда 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның көшірмесі ұсынылды. Тәуелсіз мемлекеттің тарихы дәл осы құжаттан саналады. Жанында үлкен Джордж Буштың Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін мойындағаны туралы хаты тұр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT