+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

17 жастағы қыз бен жігіт Қазығұрт тауында адасып кетті

2018 жылғы 22 наурыз 12:42
Бөлісіңіз:
17 жастағы қыз бен жігіт Қазығұрт тауында адасып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында құтқарушылар тауда адасып кеткен жігіт пен қызды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

21 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушыларына тауда адасып кеткен 17 жастағы қыз бен жігіт туралы хабарланған. Олар кешкісін қалың тұман түскендіктен қайтар жолды таппай қалған.

Жастар телефон арқылы өздерінің нақты қай жерде екенін айта алмаған, оның үстіне түнгі уақытта іздеу жұмыстары қиындай түскен.

«Бүгін, 22 наурыз күні сағат 10:30-да Қазығұрт ауданында Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Қазығұрт тауында адасып жүрген жастарды тауып, туыстарына жеткізді», - деп мәлімдеді Иманқұлов.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT