17 жастағы қазақстандық теннисші Түркиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 17 жастағы Аружан Сағындықова Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жас теннисші алғашқы айналымда отандасы Жанель Рүстемовамен бақ сынасты.

Мұнда Аружан тартысты бәсекеде Жанельден 4:6, 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.

Екінші айналымда А.Сағындықова румыниялық Мария-Сара Попаны 6:3, 7:5 есебімен сүріндірді.

Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін әлемнің 484-інші, осы доданың 2-ракеткасы, түркиялық Илай Йорукпен таласады.

Жанель Рүстемова жұптық сында жартылай финалға өтті.

Бұдан бір апта бұрын Анталиядағы жарыста Аружан жекелей сында ширек финалға дейін жеткен еді. Ал жұптық сында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Испаниядан жеңіліп, әлем чемпионатынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар