17 жастағы қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін Алматыда өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ең жас кәсіпқой боксшы Дастан Сәдуұлының келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кәсіпқой бокс фередациясының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстан боксының болашақ жарық жұлдызы, Еуропа мен Азиядағы ең жас боксшы, жеңіліп көрмеген Дастан Сәдуұлы (3-0, 3КО) 5 шілде күні Алматыда рингке шығады.

Айта кетейік, Дастанның мүддесін Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы қорғайды.

Еске сала кетейік, Дастан Сәдуұлы осы жылдың ақпан айында Ақтөбеде ресейлік Дмитрий Рахмановпен жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар