+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

17 жасқа дейінгі балалар ЭКСПО музейін тегін аралайды

2018 жылғы 31 мамыр 14:11
Бөлісіңіз:
17 жасқа дейінгі балалар ЭКСПО музейін тегін аралайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні 17 жасқа дейінгі балалар ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» музейіне тегін кіре алады.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «17 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін» акциясын өткізеді. Бұл күні балалар мен жасөспірімдер мұхит кескіні және әр қадаммен жылдамдығы артатын жасанды жел, ғарыштық өнертабыстар мен ай бетіндегі инсталляция, шыны көпір, интерактивті экспонаттар мен болашақ технологияларымен таныса алады», - делінген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің ресми хатында.

Музейге тегін кіру үшін балалар туу туралы куәлігін немесе 16 жастан асқандар жеке куәлігін (немесе көшірмесін) ала келуі тиіс.

Одан бөлек, кішкентай қонақтар Көрме аймағындағы ғажайып субұрқақ шоуын тамашалап, балаларға арналған бірегей ойын алаңдарында серуендей алады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, EXPO-2017,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT