17 жасар грузиялық модель Armani-дің жаңа бейнесі болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиядағы 17 жасар модель Тако Нацвлишвили итальяндық Armani Collezioni брендінің жаңа бейнесі болады. Бұл туралы «Новости-Грузия» порталынан хабарлады.

«Giorgio Armani s.p.a. компаниясының негізін 1975 жылы итальяндық модельер Джорджо Армани мен кәсіпкер Серджо Галлеоти қалаған. Ол ерлерге, әйелдер мен балаларға арналған киім-кешек, аяқ киім мен аксессуарлар, Giorgio Armani, Emporio Armani, Armani Exchange, Armani Jeans, Armani Junior, Armani Casa брендтерімен жиһаз бен заттар шығарады.

Модельер Италияның ең бай тұрғындарының бірі болып табылады. Forbes журналының нұсқасы бойынша, оның дәулеті 7,6 миллиард еуроға бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар