17 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 17 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Орталық Азия волонтерлер форумын өткізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет; республикалық волонтерлер фронт-офис жобасының жетекшісі, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк; Қазақстандағы БҰҰ волонтерлер бағдарламасының үйлестірушісі - Никита Шабаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елорданы газдандыру барысы жөнінде» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Нұр-Сұлтан қ. Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов; «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АстӨФ директоры Шота Шалов. Онлайн баспасөз-конференциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тегі ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ тікелей эфирде өтеді.

15.00-де жылыту кезеңінің басталуы қарсаңында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қаланың төрт ауданындағы жеке тұрғын үйлерді аралау бойынша ауқымды рейд өтеді.

19.00-де Барыс-Аренда «Нефтехимик» -«Металлург» хоккей командалары ойын өткізеді.


Соңғы жаңалықтар