17 тамызда екі облыста нөсер жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 тамыз күні Түркістан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидромет РМК-ға сілтеме жасап.

17 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Қостанай облысында 17 тамыз күні кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауып, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін. Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар