+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

17 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
17 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 17 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік үйсіз жануарлар күні

Тамыздың әрбір үшінші сенбісінде аталып өтіледі. Қоғамның назарын үйсіз жануарлар мәселелеріне аудару мақсатында Халықаралық жануарлар құқығы қоғамының бастамасымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1947 жылы Шығыс Қазақстанның әкімшілік, өнеркәсіп және мәдениет орталығы Өскемен қаласында Қазақстанның бас жобалық институты «Казгипроцветмет» құрылды.
2000 жылы
Алматыдағы Орталық концерт залына композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың (1930-1992) есімі берілді.

2006 жылы Қазақстан Республикасының аумағында «Дүниежүзіндегі діндер», «Діни ғимараттар» атты екі пошта маркасы айналымға енгізілді.

2009 жылы Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылы жанындағы «Хан сүйегі» төбесінде Уәли хан (1741-1820) кесенесі бой көтерді.

2010 жылы Алматыда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өнімі «Жүк 001» шытырман оқиғалы фильмінің түсірілімі басталды. 8 сериялы фильмнің режиссері – Игорь Вовнянко, продюсері – Қанат Төребай. Фильмге Ивар Калныньш, Досхан Жолжақсынов, Нұржаман Ыхтымбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Линда Нигматуллина секілді танымал актерлар шақырылды.

2011 жылы ТМД Атқарушы комитеті мен ЕурАзЭҚ және астаналар мен ірі қалалар халықаралық ассамблеясы ұйымдастырған байқаудың нәтижесі бойынша ТМД мен ЕурАзЭҚ үздік қаласы болып Шымкент танылды.

Ассамблеяға ТМД-ның 9 елінің 58 қаласы кіреді, оның ішінде қазақстандық екі қала - Астана мен Шымкент бар.

Шымкент қала тұрғындарын аулалар, кіреберістер, дәліздер мен көпқабатты үйлердің ішкі алаңқайларын абаттандыру, қоқыстарды жинау және жылыту маусымына дайындығына тартуды ұйымдастыруға байланысты осындай марапатты алды.

2012 жылы Сингапурде Қазақстан Республикасының елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев мен Тувалу сыртқы істер министрі Аписай Лелемия өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Құжат екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы тығыз ынтымақтастығына негіз қалады.

2013 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропалық өңірлік бюросының хатыменҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы» РМКК ДДСҰ-ның оба ауруы бойынша ынтымақтасушы орталығы болып тағайындалды.

2018 жылы қазақстандық жас геологтар командасы Таиландта өткен IESO- 2018, Халықаралық Жер туралы ғылыми олимпиадаға қатысты. Оған әлемнің 40-тан астам елінен жас геологтар бақ сынады. Қазақстан қоржынына 2 алтын медальді Камила Қажен, күмісті Ақназар Қажымұрат, 2 қола жүлдені Өмірзақ Асылбек пен тағы бір қоланы Ислам Айтуғанов салды.

2018 жылы 18 жастағы көкшетаулық велошабандоз Андрей Чугай Қазақстан велоспортының тарихында алғаш рет кейрин жарысында жасөспірімдер арасындағы тректе велоспорттан Әлем чемпионатының медалін жеңіп алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT