Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

17 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 17 шілде 08:08 189
Бөлісіңіз:
17 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 17 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


113 жыл бұрын (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ ССР-інің халық әртісі, СССР Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы Латиф Абдулхайұлы ХАМИДИ дүниеге келді.

Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен» әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп, «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар.

Композитор қазақтың опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебі» (Б.Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х.Тастановпен бірге), т.б. зерттеу еңбектері бар.

3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.


62 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Болат Серғазыұлы СӘРСЕНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (1978), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (1990) бітірген. Ағылшын тілінің ұстазы, заңгер, І санаттағы кеңесші.

2012 жылдың 10 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Болат Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ал 2014 жылы 6 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.


51 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Фатима Надырқызы ЖАҚЫПОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1994 жылы Кентукки штатының Кентукки университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1991–2001 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да көмекші, аға оқытушы, доцент, «Қазақ университеті» баспасының директоры болған. 2000–2001 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың Экономика және құқық институты директорының орынбасары қызметін атқарған. 2001–2003 жылдар аралығында – М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы мәселелер, экономикалық болжау және даму жөніндегі проректоры. 2003–2008 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры болған. 2008–2011 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 2011–2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары. 2012–2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметінде болған. 2014–2016 жылдары – Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің атқарушы директоры; Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2016-2019).

2019 жылдың сәуір айынан бері қазіргі қызметінде.


50 жыл бұрын (1969) Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Әділқызы ҚАРАУЫЛОВА дүниеге келді.

IPRA (Халықаралық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы) мүшесі, PR-шы клубын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, АҚШ-тың Миссури-Коламбия университетін бітірген. «Ленинская смена» газетінің штаттан тыс тілшісі болған. 1994-1995 жылдары - USAID менеджері. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі сыртқы имидж бойынша тобының мүшесі, PR нарығы проблемалары бойынша мақалалардың тұрақты авторы, жетекші бизнес мектептердің оқытушысы.

Ол отандық PR нарығын дамытуға үлес қосты, PR және коммуникация саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ә.Қарауылова 15 жыл ішінде 320 PR жобаны, Қазақстан, Орталық Азия, ТМД, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 2700-ден астам медиа іс-шараны, халықаралық әріптестермен бірге жалпыұлттық сипаттағы 10 ірі жобаны жүзеге асырды.


38 жыл бұрын (1981) ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Жомартұлы ҚҰРМАНОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2012–2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.

2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған; «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы (20182019).

Қазіргі қызметінее 2019 жылдың наурыз айында тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT