17 шілде. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына 17 шілденің есімдер күнтізбесін ұсынады.

17 шілде, СЕЙСЕНБІ

ЕСІМДЕР

112 жыл бұрын (1906-1983) композитор, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі, КСРО Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы ХАМИДИ Латиф Абдулхайұлы дүниеге келді.

Ташкент халық ағарту институтын, Мәскеудің бірінші музыкалық техникумын, Мәскеу консерваториясы жанындағы татар опера студиясын бітірген. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері болып, Қазақтың Петр Чайковский атындағы музыкалық училищесінде, Қазақ консерваториясында ұстаздық еткен. Композитордың Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Аттаныңдар майданға», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нүркен» әндері тыңдарманын қаһармандық сезімге бөледі. Ол қазақ музыкасына тұңғыш вальс жанрын енгізіп, «Қазақ вальсі», «Бұлбұл» әндерін шығарған. Сондай-ақ оның әсем әуенімен ерекшеленетін вальстері, хорлары, симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалары, қойылымдар мен кинофильмдерге арналған музыкалары бар.

Композитор қазақтың опера өнерін өркендетуге де үлкен үлес қосып, «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Жамбыл» операларын, «Жамбыл мен Айкүміс» музыкалық пьесасын, «Балбұлақ» опереттасын жазды. Сонымен қатар «Домбыра үйрену мектебі» (Б.Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х.Тастановпен бірге), т.б. зерттеу еңбектері бар.

3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

71 жыл бұрын (1947-2017) ҚР Суретшілер одағының мүшесі ӘБІШЕВ Бақытжан Әлімбайұлы дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Алматы орта мектебінің 10 жылдық сыныбын және Алматы Гоголь атындағы сурет училищесін 1969 жылы аяқтағаннан соң, Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтына оқуға түсті. 1971 жылы Мәскеу қаласында жас суретшілердің «Шетел әдебиетінің кітапханасы» көрмесінен бастады. Содан бері республикалық, бүкілодақтық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 1975 жылдан бастап, республиканың қайраткерлері: Жасыбай, М. Әуезов, Әл-Фараби, Берсиев және т.б бейнелері сомдалды. Сонымен қатар республикадағы монументалды жұмыстардың авторы: Тоқаш Бокин ескерткіші (Алматы қаласы), Ұлы Отан соғысы құрбандарына қойылған ескерткіш, «Әлия, Мәншүк», «Қаныш Сәтпаев», «Ауған соғысының құрбандарына» қойылған ескерткіштердің жобасына қатысушы, Алматы қаласындағы қоғам қайраткерлері аллеясындағы Әл-Фараби, Махамбет, К.Байсейітова, Жамбыл ескерткіші, Бұқар жырау ескерткіші, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ескерткіші, Павлодар облысы Баянауыл ауылындағы С. Торайғыров ескерткіші, Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова ескерткіші. Республика қалаларындағы мұражайларында сондай-ақ шет елде станоктік сипаттағы жұмыстары орналасқан. «Олимпиядашыл» атты еңбегі Швейцариядағы Лозаннада олимпиада комитетінің штаб пәтер музейінде, «Күйші» Германияда жеке топтамада, «Томирис» Мәскеуде орналасқан. Оның кейбір жұмыстары ҚР Президентінің резиденциясында қойылған. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік сыйлығы және ҚР Президентінің әлемдік рухани келісім сыйлығы белгілерінің авторы.

Қазақстан Республикасы Ленин Комсомолы сыйлығының лауреаты. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006).

61 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2014), Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2015) СӘРСЕНБАЕВ Болат Серғазыұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық  институтын (1978), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (1990) бітірген. Ағылшын тілінің ұстазы, заңгер, І санаттағы кеңесші.

2012 жылдың 10 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ал 2014 жылы 6 қазанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

zhakypova-fatima-185x185 50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры ЖАҚЫПОВА Фатима Надырқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1991 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1994 жылы Кентукки штатының Кентукки университетін бітірген.

Еңбек жолы:
1991-2001 жылдар аралығында  Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-да көмекші, аға оқытушы, доцент, «Қазақ университеті» баспасының директоры болған.
2000-2001 жылдары - Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың Экономика және құқық институты директорының орынбасары қызметін атқарған.
2001-2003 жылдар аралығында - М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жалпы мәселелер, экономикалық болжау және даму жөніндегі проректоры.
2003-2008 жылдары М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеттерінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры болған.
2008-2011 жылдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің бірінші проректор - оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарған.
2011-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары.
2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметінде болған.
2014-2016 жылдары - Назарбаев Университеті Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің атқарушы директоры.

2016 жылдың шілде айынан бері қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1969) Қазақстан баспасөз клубының президенті, IPRA (Халықаралық жұртшылықпен байланыс қауымдастығы) мүшесі, PR-шы клубын ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі ҚАРАУЫЛОВА Әсел Әділқызы
дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, АҚШ-тың  Миссури-Коламбия университетін бітірген. «Ленинская смена» газетінің штаттан тыс тілшісі болған. 1994-1995 жылдары - USAID менеджері. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі сыртқы имидж бойынша тобының мүшесі, PR нарығы проблемалары бойынша мақалалардың тұрақты авторы, жетекші бизнес мектептердің оқытушысы.

Ол отандық PR нарығын дамытуға үлес қосты, PR және коммуникация саласында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ә.Қарауылова 15 жыл ішінде 320 PR жобаны, Қазақстан, Орталық Азия, ТМД, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында 2700-ден астам медиа іс-шараны, халықаралық әріптестермен бірге жалпыұлттық сипаттағы 10 ірі жобаны жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың, АҚШ сенаторы болған Хиллари Клинтонның алғыс хатымен марапатталған.

45 жыл бұрын (1973) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ГОЛОБУРДА Дмитрий Васильевич дүниеге келді.

1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ үкіметтік байланысты қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істеді.

2009-2012 жылдар аралығында «Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2012-2014 жылдар аралығында ҚР ҰҚК Арнайы ақпараттық қызметі директорының бірінші орынбасары лауазымында болды.

2014 жылдың сәуірінен бастап қазан айына дейін - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2016 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалғанға дейін Д.Голобурда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы лауазымын атқарды. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.

2018 жылдың ақпан айынан бастап - қазіргі қызметінде.

37 жыл бұрын (1981) «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы ҚҰРМАНОВ Рүстем Жомартұлы дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2012-2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

2013-2015 жылдары - ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.

2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусым айынан бастап.

1712 жыл бұрын (1846-1888) орыс географы, антрополог, биолог және саяхатшы МИКЛУХО-МАКЛАЙ Николай Николаевич дүниеге келді.







98 жыл бұрын (1920-2010) көрнекті испан саясаткері және кәсіпкер, Халықаралық Олимпиада комитетінің 1980-2001 жылдардағы президенті, ХХ ғасырдағы олимпиадалық қозғалыстың көрнекті қайраткерлерінің бірі, ХОК-тің өмір бойы құрметті президенті Дон Хуан Антонио САМАРАНЧ-И-ТОРЕЛЬО дүниеге келді.










64 жыл бұрын (1954) неміс саясаткері, Германияның федералдық канцлері МЕРКЕЛЬ Ангела Доротея дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар