Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

17 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
17 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 17 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік халықаралық әділ сот күні

1998 жылы 17 шілдеде Халықаралық қылмыстық істің Рим статуты қабылданғандықтан бұл мереке осы күні аталып өтіледі. Әр жылы әр елдің құқық қорғаушылары осы күнге арналған түрлі шара өткізеді.

Рим статуты - Халықаралық қылмыстық соттың негізгі құжаты. Бұл құжатпен жұмыс 1948 жылы басталған. Тек жарты ғасырдан кейін ғана ол ресми қабылданған. Оған 111 мемлекет мүше.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1998 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу туралы меморандумға қол қойылды.

2006 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі «Қазақстан петроглифтері» сериясы бойынша «Күйме» деген атаумен коллекциялық күміс шақаны сатылымға шығарды.

Шақаның дизайнында біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші жартысынан бізге жеткен «Күйме» петроглифінің деталі қолданылған. Номиналы 500 теңгелік шақа 3 мың данамен шығарылған, олардың әрқайсысының бағасы - 3 мың теңге. Бұл монета - «Қазақстан петроглифтері» сериясы бойынша шығарылып отырған жетінші шақа. Оның салмағы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм. Сапа сертификатына ие.

2010 жылы қазақ әншісі Динара Сұлтанғалиева «Витебск-2010» ХІХ Халықаралық эстрада әншілері байқауының қорытындысы бойынша ТМД-ға мүше мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының арнаулы сыйлығына ие болды.

2013 жылы Павлодардағы Оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясының ұжымы Испанияның Ллорет де Мар қаласында өткен «Теңіз, күн, фестиваль» халықаралық байқауына қатысты. Байқауда Еуропа және Азия елдерінің балалар-жасөспірімдер ұжымдары өнер көрсетті.

«Асау сезім» композициясы мен 6-18 жастағы 47 биші қатысқан «Біз біргеміз!» хореографиялық нөмірі үшін «Блэйз» студиясына екі аталым бойынша бас жүлде табыс етілді.

2016 жылы Қазақстанда жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2016 жылы Гонконгта өткен математика пәні бойынша олимпиадада павлодарлық Әмір Мұхаммед Әли алтын медальға ие болды.

2017 жылы Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Испания Королі VI Филиптің атынан ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Католиктік Изабелла Орденін табыс етті.
Қазақстан Президенті Испания Королі VI Филипке және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдірді.

2017 жылы талдықорғандық оқушы Антон Моргунов Тайландта химия пәнінен өткен 49-ыншы халықаралық олимпиадада бірінші орынға ие болды.

Накхон Патхом қаласында өткен олимпиадаға 76 елден келген 300-ден астам оқушы қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша төрт оқушыдан тұратын Қазақстан құрама командасы бір алтын және үш қола жүлдеге ие болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT