+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

17 сәуірде елдің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

2019 жылғы 17 сәуір 06:35
Бөлісіңіз:
17 сәуірде елдің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек солтүстік батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз - найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман түседі желдің жыдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Батыс Қазақстан ​​облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT