+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

17 сәуір. Туған күн иелері

2019 жылғы 17 сәуір 08:08
Бөлісіңіз:
17 сәуір. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


67 жыл
бұрын (1952) VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің хатшысы Галина Александровна БАЙМАХАНОВА дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Геология-минералдық заңының кандидаты.

Еңбек жолы: Қазақ политехникалық институтында ассисент, оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. 1991-1992 жылдары геология-экономикалық зерттеулер экспедициясының, өндірісті-техникалық ақпарат партиясының аға геологы жұмысын атқарған. 1992 жылдың ақпан айынан 1992 жылдың қыркүйек айына дейін ҚазКСР Геология министрлігінің «Казминерал» мемлекеттік өндіріс мекемесінің директоры қызметін атқарған. 1992-1994 жылдары - Қазақ политехникалық институтының Геологиялық түсірілім және кен орындарын іздеу кафедрасында доцент қызметін атқарған. 1994-2011 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық институтының Геологиялық түсірілім және кен орындарын іздеу кафедрасында доцент қызметін атқарған. Қосымша - 1984-1986 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының геология -жер қойнауы факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған. 1994-1997 жылдары «Ареал» кіші кәсіпкерлік мекемесінің директоры қызметінде болды. 1997-2012 жылдары «Ареал» ЖШС директоры қызметін атқарған. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурызынан. Қазақстан коммунистік халықтық партиясының мүшесі.

«Ерен енбегi үшiн» (2013), «Қазақстан қаржы полициясына 20 жыл» (2014), «ҚКХП 10 жыл» (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», (2014), «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» (2015), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.


59 жыл
бұрын (1960) «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Марат Полатұлы ҚЫНАТОВ дүниеге келген.

Шымкент қаласында туған. 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірді, инженер-технолог. Біріккен Вен Институтында (1994) және Гарвард университетінде (1995) халықаралық тағылымдамадан және курстардан өтті.

Еңбек жолы: Цемент зауытында ауысымды басқаратын шебер, аға инженер-технолог (1982-1986); «Стройпроект», Алматы ҒЗИ ғылыми қызметкері (1986 -1993); 1993-2003 жылдары ҚР Мемлекеттік комитетінің Монополия қызметін шектеу жөніндегі департаментінде маман, бөлім басшысы, директор, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде департамент директоры, вице-министр лауазымдарында жұмыс атқарды. Қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар, 1995-1998 жылдары ҚР Мемлекеттік Оңалту банкінде бас маман, департамент директоры, Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 2003-2016 жылдары - «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, «ҚазҚуат» АҚ Басқарма төрағасы, «Жамбыл гидроэнерго» ЖШС директоры, «Павлодар» АЭА Басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы және «Инвестицияларды тарту бойынша агенттік» ЖШС директоры болып істеді.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.


47 жыл
бұрын (1972) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мұрат Самұратұлы ИМАНДОСОВ дүниеге келген.

Қызылорда облысында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: Қазалы ауданы бойынша салық инспекциясының маманы, инспектор, бөлім бастығы, аудандық салық комитеті төрағасының орынбасары (1994-2003); Шиелі аудандық салық комитетінің төрағасы (2003-2005); Қызылорда облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (2005-2006); ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы басқармасының бастығы (2006-2008); ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша, сондай-ақ, аталған агенттіктің Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша инспекцияларының бастығы (2008-2010); ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша инспекциясының бастығы (2010-2011); Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі (2011-2013); Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі (2013); Қызылорда облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы (2013-2016); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық даму бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2016-2019).

Қазіргі қызметін атқаруға 2019 жылғы сәуірде кірісті.


40 жыл
бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Мұратұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер-халықаралық саясат маманы (2000).

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің бас маманы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, аға сарапшысы (2002-2004); «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ президентінің кеңесшісі (2004-2005); ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары (2008-2010); Мемлекеттік инспектор, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2010-2014); ҚР Тұтынушыларды қорғау агенттігінің жауапты хатшысы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, «Нұр Отан» орталық аппаратының басшысы лауазымын атқарған. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы (2016-2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылғы наурыздан бері атқарып келеді.

«Кұрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT