17 оқушы сабақ кезінде жарақат алған - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мектептерінде былтыр 17 оқушы жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018-2019 оқу жылы барысында 17 оқушының жарақат алған. 1 қыркүйектен бастап бір жарақат алу дерегі тіркелді. Жетісу ауданында 1-сынып оқушысы терезеден секіріп кеткен», - деді Алматы қалалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Ал дене шынықтыру сабақтарында 8 бала жарақат алған.

Мұның алдында департамент басшысы 7 мұғалім мен 18 оқушының туберкулез ауруына шалдыққанын хабарлаған болатын.




Соңғы жаңалықтар