17 наурыз. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 наурызда танымал тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

10 2 жыл бұрын (1921-2011) қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинорежиссер әйел, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Дариға Байжұманқызы ТІНӘЛИНА дүниеге келген.

Ақмола облысы Вишневка ауданында (қазіргі Аршалы ауданы) туған. Алматы театр училищесін, Бүкілодақтық мемлекетік кинематографистер институтының режиссерлік факультетін бітірген.

Еңбек жолын актерліктен бастаған ол «Ақ роза», «Абай әндері», «Жамбыл», «Романтиктер», «Үкімет мүшесі», «Алып туралы ән» көркем фильмдеріндегі эпизодтарда ойнады. 1953 жылдан бастап режиссер ретінде жұмыс істеп, «Қазақстан кеңістігінде» атты ғылыми-танымдық фильмді түсірді.

1954-1958 жылдары «Мосфильм» студиясының режиссері болып, «Салтанат», «Илья Муромец», «Ерекше тапсырма», «Алыстағы тауда» атты көркем фильмдердің түсірілуіне қатысты.

1964 жылдан «Қазақфильм» студиясының режиссёрі ретінде «Қорытпа», «Әзіл-шыны аралас», «Ғасырлар пернесі», т.б. көркем және хроникалық-деректі фильмдердің қойылуына ұйытқы болды.

2009 жылы «Экран шебері» атағына ие болды. «Черно-белое кино» атты монографиялық кітаптың авторы.

8 5 жыл бұрын (1938-2011) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Мырзатай СЕРҒАЛИҰЛЫ СЕРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

1987-1992 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік университеті филология кафедрасының аға оқытушысы, меңгерушісі, филология факультетінің деканы болған.

Мерзімді және әдеби баспасөз беттерінде, сондай-ақ «Уақыт және қаламгер», «Сөзстан», «Сөз өнері», «Жазушы және сөз мәдениеті», «М.Әуезовтің қазақ тілін дамытудағы рөлі», «Мұхтар мұрасы», «С.Мұқановтың әдеби-мәдени мұрасы және қазіргі заман. II том», т.б. ұжымдық жинақтарда қазіргі әдеби процеске, көркем әдеби тілге қатысты мақалалары мен баяндамалары жарық көрген.

Көркем аударма саласында Я.Камалдың, К.Вирхтың, М.Зәрәбтың, К.Дугалдың, Б.Балаждың, Ә.Қадыровтың, В.Кожевниковтың, В.Лацистың әңгімелерін қазақ тіліне аударған.

5 2 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-майор Нұрлан Мұсақанұлы ҚАШАҒАНОВ дүниеге келген.

Жамбыл облысының Михайловка ауылында дүниеге келді 1993 жылы Алматы қаласының Жоғары жалпы әскери командалық училищені тәмамдады.

2001 жылы ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдады. 2011 жылы Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штаб факультетін тәмамдады.

Офицерлік қызметін Республикалық ұланда взвод командирі ретінде бастады. 1993 жылдың маусымы мен 1999 жылдың шілдесі аралығында – Республикалық ұланда түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет етті.

1999 жылдың маусымы мен 2001 жылдың шілдесі аралығында – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының тыңдаушысы, 2001 жылдың шілдесі мен 2003 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан полк командирінің орынбасары, 2003 жылдың қазаны мен 2001 жылдың сәуір аралығында – ҚР ҚМ ШБК Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, 2004 жылдың сәуірі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында - мотоатқыш дивизиясы мотоатқыш полкының командирі - штаб бастығы, 2005 жылдың қаңтары мен 2005 жылдың шілдесі аралығында - мотоатқыш дивизиясы мотоатқыш полкының командирі, 2005 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың тамызы аралығында – механикаландырылған бригада командирі, 2009 жылдың тамызы мен 2011 жылдың шілдесі аралығында – Беларусь Республикасы Әскери академиясы БШ факультетінің тыңдаушысы, 2011 жылдың шілдесі мен 2013 жылдың ақпаны аралығында – мотоатқыш бригадасының командирі, 2013 жылдың ақпаны мен 2013 жылдың шілдесі арасында – Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы, 2013 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың маусымы аралығында – «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары – өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшысы басқармасы штабының бастығы.

2016-2019 жылдары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. Қарулы күштер бас штабының жауынгерлік әзірлік департаментінің бастығы (2019-2021).

III деңгейлі «Айбын» орденімен, мерейтойлық медальдармен және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдарымен марапатталды.

4 7 жыл бұрын (1976) Шымкент әскери гарнизоны сотының төрағасы Берік Сейітжанұлы КӘРІМ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қарағандыдағы ІІМ жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылдан құқық қорғау органдарында тергеу саласында бастаған.

Сот жүйесіндегі қызметін 2007 жылы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы болып бастаған.

2013 жылдан 2018 жылдың қазанына дейін Төлеби аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қазанынан – қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар