17 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының электоралдық оқытуды ұйымдастыру қорытындылары, сайлау алдындағы үгіт қорытындылары, сайлау процесіне қатысушылардың өтініштерін қарау және сайлау учаскелерінің алдағы сайлауға дайындығы туралы отырысы өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Наурыз мерекесіне арналған «Ұлыстың Ұлы күні – әз-Наурыз» мерекелік шара өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Наурыз мейрамын атап өтуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары. Бахтияр Масанов - Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ басшысы Нұран Камзин. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі https://www.facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы https://instagram.com/rsk.astana?igshid=YmMyMTA2M2Y= ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

14.00-де «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2022 жылғы компания қызметінің нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясы Zoom Meetings платформасында онлайн форматта өтеді. Спикер: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов.

15.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы №3 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешова. Онлайн баспасөз-конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі https://www.facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы https://instagram.com/rsk.astana?igshid=YmMyMTA2M2Y= ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де «Sarap» сараптамалық клубы «Сайлау-2023: саяси коммуникацияның, өзара іс-қимылдың және жауапкершіліктің өзекті тенденциялары» тақырыбында отырыс өткізеді.

19.00-де Astana Opera театрында «Спартак» балеті қойылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Бір кем дүние» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.


Соңғы жаңалықтар