+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

17 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
17 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 17 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1990 жылы Алматыда Қазақстан кәрістерінің құрылтайы өтті. Онда республикалық кәріс мәдениеті орталықтарының қауымдастығы құрылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бұрынғы Югославия Республикасы Македонияның тәуелсіздігін мойындау туралы нота жіберді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы құрылды.

1995 жылы журналистика саласының «Алтын жұлдыз» Жалпыұлттық сыйлығы тағайындалды. 2001 жылдан бастап «Алтын Жұлдыз» Қазақстан Журналистика академиясының ресми сыйлығы. Сыйлық - шығармашылық табыстарды және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге түсе алатындығын кәсіби және қоғамдық танудың жоғары белгісі. Қазіргі таңда Қазақстан журналистикасының дамуына өз үлестерін қосқан 100-ден астам тұлға осы сыйлықпен марапатталған.

1997 жылы офицерлерге жоғары әскери-арнайы білім беру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер жоғары әскери училищесі (Петропавл қаласы) құрылды.

2000 жылы экономикалық, саяси және мәдени салаларда Аустрия мен Қазақстанның арасындағы достық байланыстарын нығайтуға қосқан сүбелі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аустрия Республикасының алдындағы зор еңбегі үшін Үлкен Құрмет жұлдызы» орденімен марапатталды.

Аталмыш құрмет белгісі - Аустрияның 1952 жылғы 2 сәуірде бекітілген мемлекеттік наградасы. Оны Ұлттық жиналыс қабылдаған заңдарға негізделе Аустрия Федералды Президенті табыстайды.

2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Қазғарыш» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды.

2009 жылы Петропавлдағы әскери училище Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің Әскери институты болып өзгертілді. Ал 2014 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен №807 Әскери институттың атауы ҚР Ұлттық гвардиясы Әскери институты болып өзгертілді.

2011 жылы ҚР Үкіметінің № 247 қаулысына сәйкес «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды.

2013 жылы Семей қаласының шеберлері Түркістанда Ахмет Ясауидің кесенесінде орнатылған қола Тайқазанның көшірмесін жасады. Оның диаметрі - 2,45 м, салмағы - 2 тонна.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 17 наурызда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды.

2015 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытайға барған сапарында «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығы табысталып, оған қосымша берілген гонорар есебінен «Милосердие» Ерікті қоғамы» мен Мемлекеттік тілді дамыту қорына 300 мың доллардан аударды.

2017 жылы Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық алғашқы сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар - «Қазмедиа» орталығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Мақсаты - ең сапалы және өзекті телевизиялық өнімді анықтап, талантты кәсіпқойларды қолдау, сондай-ақ сапалы қазақстандық телевизияны дамыту.

2018 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кеңесі Қазақстанның Болат комитетіне кіру туралы өтінішін мақұлдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT