17 мың шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Учаскелік полиция инспекторларының халықпен өзара іс-қимыл жасасу тиімділігін арттыру мақсатында 5 қыркүйек - 5 желтоқсан аралығында еліміздің аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара шеңберінде жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары пәтерлерді және аулаларды аралады, азаматтық қаруды сақтау жағдайлары, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тексерді.

Учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін учаскеде орналасқан өндіріс объектілері, ұйымдар және мекемелерді тексерді.

Полиция бөліністерінің күштерімен саяжай және көлікжай қоғамдастықтарының аумақтары, бос қалған ғимараттар мен құрылыстардың аумақтары, жылу трассалары мен құдықтар және т.б. тексерді.

«Учаске» операциясының басынан бастап 4 млн 307 мыңнан астам тұрғын үй мен саяжайларды аралап шықты. Нәтижесінде 232 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 мыңнан астам тіркеусіз тұру фактісі, 17 мыңнан асатын шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзуы, оның ішінде 1,7 мыңнан астам шетел азаматы сот шешімі бойынша елімізден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар