17 маусымда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 маусым күні өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09:00-де ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Сағат 09.00-де «Park Inn» қонақүйінде БҰҰ ЕҚБ және ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысы басталады.

Сағат 11.00-ге «Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың халықпен есептік кездесуі жоспарланған.

Сағат 11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы қазақ тіліне дубляждалған «Ойыншықтар хикаясы-4» 30-шы мерейтойлық фильмінің тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.30-да «Комфорт Отель Астана» қонақүйінде Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының отырысы басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де «Атриум» сауда орталығында «Қалалық ортадағы жасыл экономика: теориядан іске қалай өту керек» тақырыбымен форум ұйымдастырылады.

Сағат 09.00-де Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығында БҰҰ-ның Сендай негіздемелік бағдарламасы және Тұрақты Даму Мақсаттарының мониторингтік жүйесі аясында ауыл шаруашылығындағы, балық және орман шаруашылығындағы табиғи апаттарға байланысты тікелей шығындарды бағалаудың ФАО әдістемесіне арналған семинар өтеді.

Сағат 16.00-де Almaty Art Center көрме залында Шығыс Қазақстан өңірінің үздік шеберлерінің көрмесі ашылады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 9.00-де Түркістан облысы болып құрылғанына 1 жыл толуына орай, «Түркістаным - Тұраным» бұқаралық жүгіру марафоны өтеді

Сағат 11.30-да Фотоклубтың ашылу салтанаты жоспарланған.

Сағат 12.00-де Түркістан қаласындағы облыстық Жастар ресурстық орталығында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко «Ақмола облысында баламалы энергияны дамыту» тақырыбында журналистермен брифинг өткізеді.

Соңғы жаңалықтар