17 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Шератон» қонақүйінде «Завтра было поздно: Экологические риски Казахстана» кітабының тұсаукесері өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мейірім: шығармашылық және мейірімділік баспалдақтары» атты балалар шығармашылығының ІІІ инклюзивті музей фестивалі өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың проблемалары мен перспективалары туралы» дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де «Шератон» қонақүйінде ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Еңбек дауларын тиімді шешу: диалог және татуластыру рәсімдері» атты халықаралық семинар өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету қызметіне арналған отырысы өтеді.

15.00-де ZOOM-конференция форматында Қазақстан Халық партиясының мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде этникалық театрлар және этникалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «Ойлы кітап» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Соңғы жаңалықтар