Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

17 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 маусым 07:00 519
Бөлісіңіз:
17 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 17 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні

1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап атап өтіледі.

Бүкіләлемдік мотоцикл айдаушылар күні

Дүниежүзілік мотоцикл күнін атап өту дәстүрі 1992 жылы көптеген елдерде ынталы топтар автокөліктерін тастап, жұмысқа мотоцикл немесе скутермен бара бастаған тұста пайда болды. Бастапқыда бұл күн ағылшын тілінен аударғанда «Жұмысқа мотоциклмен бару» деп аталды. Кейінірек  бірте-бірте мотоцикл айдаушы күніне айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы «Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын жарыққа шығарды.

1993 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты құрылды. 1999 жылы ҚР ҰҚК Институты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы деп өзгертілді.

1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы алдында ұлы композитор, Қазақстан әнұранының авторы, халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің ашылу салтанаты болды.

1998 жылы «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ «Анадолы» ақпарат агенттігінің (Түркия) ақпарат ағыны жүйесіне қосылды.

2011 жылы РФ Астрахань облысында Бөкейхан мавзолейінің құрылысы басталды. Оның биіктігі - 18.5 метр.  Құрылыс Қазақстан мен Астраханның әр өңірлерінен жиналған қаражатқа салынды.

2013 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Халықаралық телерадио хабар тарату қауымдастығына (Association for International Broadcasting) кірді.

2013 жылы «Алтынтау Көкшетау» ЖШС алтын өндірісі бойынша әлемдегі ең ірі 20 кәсіпорынның қатарына енді. 2010 жылы пайдалануға берілген «Алтынтау Көкшетау» зауыты өндірістік қуаттылығы бойынша ТМД елдеріндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

2014 жылы түріктің Эдирне қаласында жыл сайынғы Дүниежүзілік түркі форумы аясында түрлі аталымдағы наградаларды беру рәсімі өтті.

«Қызыл алма» сыйлығының лауреаттары -  ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов (номинация - «Дипломатия»),  Түркиядағы Қазақстан елшісі Жансейіт Түймебаев (номинация - «Дипломатия») және 2012 жылғы бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы   Серік Сәпиев (номинация - «Спорт»).

2014 жылы 17-20 маусым аралығында Тбилиси қаласында Қазақстан мен Грузияның екіжақты қарым-қатынасы тарихында алғаш рет Грузияда Қазақстан киносы күндері өтті. Көрермендерге соңғы жылдары түсірілген төрт көркем фильм - «Жау жүрек мың бала», «Шал», «Ликвидатор», сондай-ақ Елбасының балалық шағы туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмдері ұсынылды.

2014 жылы Солтүстік Қазақстанда алтын өндіріле басталды. Геологтар Есіл ауданындағы Булақ ауылының маңында 400 гектар аумақта кен қорларын анықтады.

2015 жылы Атырау облысы Индер ауданының Теректі жерінде орта ғасырлық жауынгердің қорымы табылды. Қорымды жазғы практика кезінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болашақ тарихшылар, Атырау мемлекеттік университетінің студенттері тапты. Қорымның ерекшелігі онда жауынгермен бірге мінген аты да қоса жерленген. Сондай-ақ, қабірдің ішінде ұзындығы 1 метрдей қылыш, жебе ұштары, ұзындығы 1 метрден асатын сауыт, ер-тұрман элементтері болған. Археологтардың айтуынша, табылған барлық материалдар IX-XI ғасырлардағы оғыз дәуіріне жатады.

2016 жылы Ақтөбеде қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанованың құрметіне көше аты берілді. Ол қала орталығында - М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің жанында орналасқан.

2017 жылы Астанада электр энергиясын үнемдейтін күн батареяларымен жұмыс істейтін аялдамалар іске қосылды.

2018 жылы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева ТМД-ның басты гуманитарлық сыйлығы - «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлығына ие болды.

Жүлде жыл сайын Достастық мемлекеттерінің өкілдеріне гуманитарлық қызмет саласындағы әлемдік жетістіктері мен ТМД елдерінің әрқайсысының және тұтастай қоғамдастықтың дамуына ықпал ететін маңызды жетістіктері үшін беріледі. Сыйақының көлемі 2 миллион рубль. Марапатқа 8 елден 11 үміткер өтініш берді.

2018 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында «Қазақ поэзиясының жұлдызы: Мағжан Жұмабаевқа - 125 жыл» атты көрмеде  1912 жылы Қазанда жарық көрген  Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты  өлеңдер жинағы алғаш рет көрсетілді.

Көрмеден сондай-ақ, ақынның өмірінен сыр шертетін керемет құжаттарын, Ақмола губерниясындағы аштық жайлаған  Петропавл және Көкшетау аудандарына сапары жайлы баяндамасын, 1936 жылғы төлқұжатын көруге болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT