17 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде мал шаруашылығын дамыту және жол саласын дамыту тақырыптары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум туралы отырыс өткізеді.

11.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжінің» профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездеседі, онда референдум өткізу туралы әңгімелейді.

11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форумын ұйымдастырады.

19.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «Қазақ елім» концерттік бағдарламасын ұсынады.


Соңғы жаңалықтар