+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

17 мамыр. Туған күн иелері

2021 жылғы 17 мамыр 08:08
Бөлісіңіз:
17 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1953) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен.

1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті.

1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жіберілген.

1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады.

1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді.

Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды.

1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды.

1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі болып тағайындалды.

2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі болды.

2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып, осы лауазымда жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды.

2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды.

Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.

2019 жылы 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жетіп, 12 маусымда ұлықтау рәсімінен соң Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми кірісті.

Қ.К.Тоқаев 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның Саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі.

Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі.

Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры.

Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы.

Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген.

13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.


71 жыл бұрын (1950) ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары (2017 жылдан бастап), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы (2020 жылдан бастап) заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Иванович РОГОВ дүниеге келді.

Баку қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Алматы қаласының Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болды. 15 жылдай оқытушылықпен айналысқан.

Президент Аппараты және Министрлер кабинеті секторында аға референт, консультант, меңгеруші, Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Мемлекет басшысының кеңесшісі, көмекшісі, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы, Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқық басқармасы бастығы қызметтерін атқарған.

2004-2017 жылдар аралығында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болды.

Заңтануға қатысты бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Парасат» (2005), ІІ дәрежелі «Достық» (2011) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астана», «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1999) атағы берілген.


64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Нұржан Нұрланбекұлы НҰРСИПАТОВ дүниеге келді.

Семей облысында туған. ССРО Мемлекет қауіпсіздік қорғау комитетінің Жоғарғы курстарын «қарсы барлаушы» мамандығымен, Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа да жауапты лауазымдарында қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдан бері.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» атағының иегері. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.


44 жыл бұрын (1977) ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Дәулетбек Қайырбекұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Солтүстік қазақстан облысында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін (1998), Еуразия гуманитарлық институтын (2010), Стирлинг университетін (2016) бітірген.

Еңбек жолы: 1998-1990 жылдары – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиеті неміс тілі кафедрасының оқытушысы.

1999-2000 жылдары – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Тұрақты даму ұлттық орталығының консультанты. 2000-2004жылдары – ҚР СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, 3-ші, 2-хатшысы.

2004-2008 жылдары – Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілішігінің үшінші хатшысы. 2008-2009 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі сауда келіссөздері департаментінің басқарма басшысы.

2009-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы консультанты, инспекторы, меңгерушісі. 2014 жылдың ақпан-қыркүйек айларында – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдары – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

2017-2019 жылдары – Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қазан айынан бері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT