+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

17 мамыр. Туған күн иелері

2019 жылғы 17 мамыр 08:08
Бөлісіңіз:
17 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР



null 66 жыл бұрын
(1953) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады. 1984-1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет істейді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды. 2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.

2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды. 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының және осы партияның саяси кеңесі бюросының мүшесі. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі. Төтенше және Өкілетті Елші. Саяси ғылымдарының докторы. Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы «Ғұламалар кеңесінің» мүшесі. Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің құрметті президенті. Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы. Ресей биографиялық қоғамының тұжырымы бойынша 2018 жылдың «Жыл адамы» лауреаттарының тізіміне енген. 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.


null 69 жыл бұрын
(1950) ҚР Тұңғыш Президенті қоры директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Игорь Иванович РОГОВ дүниеге келді.

Баку қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Алматы қаласының Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші болған. 15 жылдай оқытушылықпен айналысқан. Президент Аппараты және Министрлер кабинеті секторында аға референт, консультант, меңгеруші, Конституциялық сот төрағасының орынбасары, Мемлекет басшысының кеңесшісі, көмекшісі, Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы, әділет министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқық басқармасы бастығы қызметтерін атқарған. 2004-2017 жылдар аралығында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы болды. Аталған қызметте 2017 жылдың желтоқсан айынан бері.
Заңтануға қатысты бірнеше ғылыми еңбектің авторы.

«Парасат» (2005), ІІ дәрежелі «Достық» (2011) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астана», «10 жыл Астана» (2008) медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (1999) атағы берілген.


null 62 жыл
бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржан Нұрланбекұлы НҰРСИПАТОВ дүниеге келді.

Семей облысында туған. СССР Мемлекет қауіпсіздік қорғау комитетінің Жоғарғы курстарын «қарсы барлаушы» мамандығымен, Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» бойынша тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа да жауапты лауазымдарында қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдан бері.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері» атағының иегері. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.


null 54 жыл бұрын
(1965) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетұлы ЖАЙЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Аранды ауылдық кеңесінде туған. Қызылорда политехникумының ауыл шаруашылығын электрлендіру факультетін (1984) техник-электрик мамандығы бойынша; Волгоград ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылық электрификациясы факультетін (1989) инженер-электрик мамандығы бойынша; Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кәсіпорындағы экономика және басқару факультетін (2004) инженер-экономист мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының біліктілік арттыру курстарын (2006) бітірген; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару» бағдарламасын тыңдаған, Аризона штатындағы Йорк университетінің экономика және менеджмент бойынша PhD докторы. Қызмет жолын 1989 жылдан - «Басагрожөндеумаш» жөндеу-механикалық зауытының №2 цехінің энергетигі болып бастаған . 1992 жылдан - энергия-механикалық учаске бастығы (Қызылорда), 1993 жылдан - «Южнефтегаз» МАҚ Құмкел терең бұрғылау пайдалану экспедициясының (ҚТПБЭ) инженер-энергетигі, 1998 жылдан - бұрғылау нысандары және күрделі жер асты жөндеуі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, 2000 жылдан - «Петро Қазақстан Қүмкөл Ресорсиз» ААҚ энергетика бөлімі мен өндірісті автоматтандыру цехының бастығы. 2005 - 2008 жылдар аралығында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы. 2008 - 2010 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2010 - 2013 жылдар аралығында Қызылорда қаласының әкімі. 2013 - 2014 жылдар аралығында Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2014 - 2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мемлекеттік инспекторы болып қызмет етті. 2015 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. 2016 жылғы шілдеден 2017 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарды. 2017 жылғы 12 сәуірден Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы лауазымын атқарады. 2019 жылғы ақпаннан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT