+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

17 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 17 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
17 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2019 жылғы 17 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік электр байланысы және ақпараттық қоғам күні
Бұл күн 1865 жылғы 17 мамырда алғашқы Халықаралық телеграф келісіміне қол қою жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталуына, сондай-ақ 1932 жылдан кейін Халықаралық электр байланысы одағына айналған Халықаралық телеграф одағының құрылуына орай таңдалды.

Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес күні

Жыл сайын Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес лигасының бастамасымен аталып өтіледі. Оның басты міндеті -жүрек-қан тамырлары жүйесінің кең таралған ауруларының бірі туралы ақпарат таратуға ықпал ету. Ол алғаш рет 2005 жылдың 14 мамырында болған еді, ал 2006 жылдан бастап 17 мамырда аталып өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді.

1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барып, соның барысында Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу міндеттемелеріне қол қойды. 1992 жылдың 19 мамырында АҚШ және Қазақстан президенттерінің алғашқы кездесуі өтті.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев екі елдің қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Египет Араб Республикасының жоғарғы марапаты - «Ұлы Ніл» орденімен марапатталды.

2007 жылы Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының құрылғанына 60 жыл толуына орай шығарылған естелік пошта маркасын салтанатты таныстыру рәсімі өтті. Қазақстан пошталық әкімшілігі шығарған көркем маркада ұлттық өрнектер мен ЭСКАТО-ның 60 жылдығын білдіретін арнайы белгі басылған. Бірлік номиналы 25 теңгені құрайтын бұл марканың жалпы таралымы 50 мың дана.
2010 жылы
Астанада балалар мен жастар үшін «150» нөміріндегі тәулік бойы жұмыс істейтін тегін ұлттық сенім телефон желісі жұмыс істей бастады.

2010 жылы екіжақты байланыстң өсіп келе жатқан деңгейін ескере отырып, Мальта Үкіметі қазақстандық Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы шешім қабылдады.

2011 жылы Астанада Президенттік мәдениет орталығында «Сағаттар сыр шертеді» сағаттар топтамасының көрмесі ашылды.

Көрмеге Швейцария, Австрия, Ресей елдерінен шыққан «Longines», «Omega», «Orient», «Слава», «Янтарь», «Павел Буре» сынды сан алуан белгілі сағат маркалары, сондай-ақ аты аңызға айналған тұлғалардың қол сағаттары және осы тақырыпқа сай 50-ден астам өзге де жәдігер қойылған. Көрмеде Тәуелсіз Қазақстан дәуіріне және Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне жататын сағаттар айрықша орын алады. Атап айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бұрынғы Литва Президенті А.Бразаускас тарту еткен үстел сағаты, ақын Мағжан Жұмабаевтың, дарынды қазақ математигі Әлімхан Ермековтің сағаттары ерекше қызығушылық тудырды.

2012 жылы елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай жаңа экспонатпен толықты. Халық композиторы Ақан серінің кесесі жұрт назарына ұсынылды. Ол сол кезге дейін дәрігер Абай Байгенжиннің жеке мұрағатында сақталған. ХХ ғасырдың басында шығарылған фарфор бұйымы осы күнге дейін жақсы сақталған.

2013 жылы «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық мұражайы өз экспозициясын қазақ халқының ұлы аналарына арнады. Музейдің «Аналар ұлағаты елге аманат» бөлімі келушілер арасында ерекше қызығушылық тудырды. Онда аналардың ерлігі насихатталады және аты аңызға айналған әйелдердің өмірі туралы әңгімеленеді. Экспозицияда Ұмай - ана, сақтардың ержүрек патшайымы Томирис (Тұмар ханым), хандардың дана әйелдері: Бопай (Әбілхайыр), Айғаным (Уәлихан), Фатима (Жәңгір) туралы мағлұмат алуға болады.

2013 жылы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары ғарыш зымырандарын ұшырылғаннан кейін қоршаған орта объектілерінде зымыран отынының уытты компоненттерін анықтаудың бірегей әдісін жасап, патенттеді. Оны жасауға мүмкіндік берген ғылыми-зерттеу базасы зымырандарды ұшыру мониторингі тікелей жүргізілетін Байқоңыр мен Жезқазғандағы зертханаларды, сондай-ақ мобильді жылжымалы зертханаларды қамтиды.

2017 жылы Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі «Туған жер» бағдарламасының сараптамалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Сараптамалық кеңес «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны» секілді төрт бөлімнен тұратын «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың негізгі тұжырымдамалық тәсілдерін қарастырды.

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Париждегі «Global Gift Foundation» қайырымдылық кешкі асына қатысты. Париждегі қайырымдылық кешіне Димашты Голливуд жұлдызы, америкалық актриса Ева Лонгория шақырған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT