+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

17 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 17 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
17 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады

ЕСІМДЕР



86 жыл бұрын (1933-2011) қазақстандық қылмыстық құқық және криминология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры Елеген Ізтілеуұлы ҚАЙЫРЖАНОВ дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Алматы заң институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде тергеуші болып бастаған. 1964-1973 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері. 1973-1987 жылдары - КСРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды, Омбы жоғары милиция мектептерінің зертхана, кафедра бастығы. 1987-1995 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті криминалистика кафедрасының, қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң факультетінің деканы. Қазіргі қызметінде 1995 жылдан бастап істейді. Негізгі ғылыми еңбектері криминалистикаға арналған. 150-ден астам ғылыми еңбегі және оқулықтары бар.


80 жыл бұрын (1939) ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы ТОҚПАҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында туған. 1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша, КСРО МҚК №302 Минск мектебін, 1971 жылы КСРО СІМ Жоғары дипломатиялық мектебін тәмамдаған. Генерал-полковник.
1991 жылға дейін КОКП мүшесі. 1956 жылдан - Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» ұжымшарында жұмысшы. 1957 жылдан - Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері. 1958 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі. 1963 жылдың қыркүйек айынан - КСРО МҚК №302 Минск мектебінің курсанты; КСРО МҚК кадрлық офицері, жедел өкілден ҚазКСР МҚК Басқармасының бастығы лауазымына дейінгі қызмет жолын өткен. 1991 жылдың қараша айынан - Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚР МҚК Басқармасының бастығы. 1993 жылдың маусым айынан - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 1993 жылдың желтоқсан айынан - ҚР ҰҚК төрағасы. 1995 жылдың қараша айынан - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы міндетін атқарушы. 1997 жылдың наурыз айынан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 1999 жылдың қазан айынан ҚР қорғаныс министрі. 2001 жылдың желтоқсан айынан ҚР Президентінің кеңесшісі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің қызметті жөніндегі комиссияның төрағасы - ҚР Президеті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссиянын төрағасы. 2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі (2002 жылға дейін).

«Даңқ» (1997), «Барыс» (2008) ордендерімен; 14 медальмен марапатталған. «Жылдың әскери адамы» номинациясы бойынша Жыл адамы (Алтын Адам) (2000, 2001). Отставкадағы генерал-полковник І дәрежелі «Барыс» орденімен (2019 жыл) марапатталды.



74 жыл бұрын (1944) мемлекет және қоғам қайраткері Ғалым БАЙНАЗАРОВ дүниеге келді.

Торғай облысы Жангельдин ауданында туған. 1969 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1969-76 жж. - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-85 жж. - Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-87 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-92 жж. - Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-ші орынбасары. 1992-93 жж. - ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы. 1994-95 жж. - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-96 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-98 жж. - «Қазпоштабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-98 жж. - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры. 1998-2002 жж. - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жж. - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-02 жж. - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесіә төрағасының кеңесшісі. 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды. «Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздігі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.


51 жыл бұрын (1968) Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан Республикасы атынан мүшесі, мемлекет қайраткері Тимур Мекешұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы – Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын Еуропалық зерттеулер саласының магистрі дәрежесі беріліп, бітірген. 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы (1997-1998); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер секторының меңгерушісі (1998-1999); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі (1999-2002); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры лауазымын атқарған, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі өкілдер тобын басқарған (2003-2005); «МТЗО» АҚ атқарушы директоры (2005-2006); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы (2006); «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» МҚК, ЖШС директоры (2006-2007); Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары (2007-2009); Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі (2009-2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы (2010); «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі (2012-2014); Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі (2014-2017) болды.



48 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Төлебайұлы МАЛЕЛОВ дүниеге келді. Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді кентінде дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. 1995-1997. «Туран Банк» валюта операцияларының маманы, Арқалық қаласы. 1997-1998. «Банк ТуранАлем» ЖАҚ Несиелендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бастығы, Арқалық қаласы.. 1999-2002. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ бөлім бастығы, Астана қаласы. 2002-2004. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиал директорының орынбасары, Астана қаласы. 2004-2006. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиалының директоры, Алматы қаласы 2006-2007. «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі 2007-2009. «ASTANA CAPIТAL Investment Group» инвестициялық компаниясының директоры, Алматы қаласы. 2009 бастап. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. 2011-2012 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2012-2015 жылдары «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2015-2018 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы. 2018 жылғы маусымнан бері қазіргі қызметінде.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT