17 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 17 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

138 жыл бұрын (1880-1919) ақын САБАЛҰЛЫ Ақылбек дүниеге келді.

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында туған. Ахмет Риза мектебінде оқып, парсы, араб, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің қисса-хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, оқиғалы поэма-дастандар жазып байытқан. «Таһир - Зуһра», «Бозжігіт», «Ибраһим», «Хикмет Ниғмет», «Қырық уәзір», «Алтын балық», «Дандан ғашық» қиссалардың, «Мағшұқнаме» - жастық-махаббат жайындағы өлеңдер, «Назым», «Сұм заман», «Ғибратнама», «Сәтбек батыр» атты шығармалардың авторы. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең-жырларының негізгі тақырыбы адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер-ғылым мәселелері. Оның кітаптары Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан қалаларының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайындағы Сарыой деген жерде.

100 жыл бұрын (1918-1980) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, Республикада онкологиялық зерттеулердің негізін салған ғалымдардың бірі НҰҒЫМАНОВ Серік Нұғыманұлы дүниеге келді. Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданында туған. Қазақ мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1947-1959 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институты акушерлік және гинекология кафедрасының доценті, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1960 жылы ашылған Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері онкология мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда қатерлі ісіктердің пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін анықтаған. Қатерлі ісіктерді хирургиялық жолмен, сәуле түсіру әдісімен, осы екі әдістің екеуімен бірдей емдеуді және бұлардың пәрменділігін арттыруды жетілдірген. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
85 жыл бұрын
 (1933-2011) отандық қылмыстық құқық және криминология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан криминологиялық қауымдастығының құрметті профессоры ҚАЙЫРЖАНОВ Елеген Ізтілеуұлы дүниеге келді.
74 жыл бұрын (1944) мемлекет және қоғам қайраткері БАЙНАЗАРОВ Ғалым дүниеге келді.
Торғай облысы Жангельдин ауданында туған. 1969 ж. АХШИ-ды бітірген, экономист. 1969-76 жж. - Мемлекеттік банкі Торғай бөлімшесінің несие инспекторы, басқарушысы. 1976-85 жж. - Мемлекеттік банкі Арқалық қалалық басқармасының бастығы. 1985-87 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы. 1987-92 жж. - Қазагроөнеркәсіп банкі төрағасының 1-ші орынбасары. 1992-93 жж. - ҚР Ұлттық банкінің Басқарма төрағасы. 1994-95 жж. - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. 1995-96 жж. - ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімінің кеңесшісі. 1996-98 жж. - «Қазпоштабанк» ЖАҚ шетелдік инвестициялар департаментінің директоры. 1997-98 жж. - «АТРЕМ» қаржы-инвестициялық компаниясының бас директоры. 1998-2002 жж. - Қазақстан сақтандырушылары одағының төрағасы. 1999-2002 жж. - «Халықтық жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ президенті. 2000-02 жж. - ҚР Көлік құралдарының жүргізушілері одағының Орталық кеңесі төрағасының кеңесшісі. 2002-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2005-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасы хатшылығының меңгерушісі болды. «Парасат» орденімен, (2005); «Мемлекеттік банк үздігі» белгісімен, грамоталармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1948) Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне еңбегі сіңген қайраткер ПІРІМБЕТОВ Серік Достанұлы дүниеге келді.

50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылы министрлігінің жауапты хатшысы МАМЫТБЕКОВ Асылжан Сарыбайұлы дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдаған. 1998-1999 жылдары - Қостанай облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылы - Қостанай облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қостанай облыстық Қаржы департаменті директорының орынбасары. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы. 2003-2004 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2004-2006 жылдары -. Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2008-2011 жылдары - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі (2011-2016).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы мамыр айында кірісті.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1968) Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның Қазақстан Республикасы атынан мүшесі ЖАҚСЫЛЫҚОВ Тимур Мекешұлы дүниеге келген.

Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. 1993 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы - Страсбург саяси зерттеулер институтының (Франция) магистратурасын Еуропалық зерттеулер саласының магистрі дәрежесі беріліп, бітірген. 2003 жылы Қазақ экономика және қаржы институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1993 жылы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының атқарушы директоры лауазымынан бастаған; Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы (1997-1998); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер секторының меңгерушісі (1998-1999); Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі (1999-2002); Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығы жетекшісінің орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры лауазымын атқарған, Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері жөніндегі өкілдер тобын басқарған (2003-2005); «МТЗО» АҚ атқарушы директоры (2005-2006); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер орталығы» РМК директорының міндетін атқарушы (2006); «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» МҚК, ЖШС директоры (2006-2007); Астана қаласы әкімдігінде Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы әкімінің орынбасары (2007-2009); Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі (2009-2010); Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы (2010); «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Басқарма төрағасы (2010-2012); Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі (2012-2014); Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі (2014-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.


47 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы МАЛЕЛОВ Нұрлыбек Төлебайұлы дүниеге келді. Торғай облысы Амангелді ауданы Амангелді кентінде дүниеге келді. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. 1995-1997. «Туран Банк» валюта операцияларының маманы, Арқалық қаласы. 1997-1998. «Банк ТуранАлем» ЖАҚ Несиелендіру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бастығы, Арқалық қаласы.. 1999-2002. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ бөлім бастығы, Астана қаласы. 2002-2004. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиал директорының орынбасары, Астана қаласы. 2004-2006. «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ филиалының директоры, Алматы қаласы 2006-2007. «Альянс банк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі 2007-2009. «ASTANA CAPIТAL Investment Group» инвестициялық компаниясының директоры, Алматы қаласы. 2009 бастап. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі. 2011-2012 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде - 2012-2015 жылдары «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2015-2018 жылдары - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы. 2018 жылғы маусымнан бері қазіргі қызметінде.

32 жыл бұрын (1986) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры ЖҮДЕБАЕВ Арман Әділханұлы дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық орта мектеп интернатының түлегі. 2004 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка факультетін домбыра мамандығы бойынша және 2005 жылы қосымша дирижер мамандығымен бітірген. 2011 жылы Өнертану магистрі академиялық дәрежесін алады.

Еңбек жолы:  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы қызметімен қатар, студенттік ұлт аспаптары оркестірінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері (2009-2013); 2013 жылдың кыркүйегінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған. «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Соңғы жаңалықтар