17 қыркүйек. Күн райына болжам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан территориясың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі – жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, оңтүстігінде 25 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстік-шяғысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, күндіз орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде Маңғыстау облысының орталығы мен батысында, күндіз орталығы мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауылмен. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар