+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

17 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 17 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
17 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 17 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық кедейшілікті жою жолындағы күрес күні

Халықаралық кедейшілікті жою жолындағы күрес күнін өткізу тарихы 1987 жылдың 17 қазанымен етене байланысты. Осы күні жүз мыңнан астам адам кедейшіліктен, зорлық-зомбылық пен аштықтан көз жұмғандарға тағзым ету мақсатында Париждің Трокадеро алаңына жиналды. 1992 жылдың 22 желтоқсанында өзінің қабылдаған қарарында БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 қазанды Кедейшілікті жою жолындағы халықаралық күрес күні ретінде белгіледі.

ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.

1992 жылы Қасиетті Тақ және Қазақстан Республикасы ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ватиканмен ресми байланыс орнатқан алғашқы мемлекет болды.

2011 жылы Алматыда қазақ композиторы, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды.

2012 жылы Францияның Қазақстандағы елшілігінің ұсынысы бойынша Францияның Ұлттық білім министрлігі Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі француз тілі мұғалімі Мария Кармысоваға Француз Академиялық Пальма тармағы орденінің кавалері атағын беру туралы шешім қабылдады. Францияның Қазақстандағы елшісі Жан-Шарль Бертоннэ осы марапатты франкофонияны таратуға қосқан жеке үлесі және француз тілін оқыту жөніндегі оқулықтарды жасауға белсенді қатысқаны үшін Мария Кармысоваға табыс етті.

2016 жылы Словенияның Марибор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды. Қазақстанның Аустрия мен Словениядағы елшісі Қайрат Сарыбай Құрметті консул Горазд Шифрерге консулдық патентін табыс етті.

2017 жылы Петропавлдың көрікті орындарының картасына «Абылайхан резиденциясы» музей кешені енгізілді. Кешен: негізгі корпус, хан кеңсесі, қонақүй және моншадан тұрады. Төрт залдағы экспозиция Абылайханның қызметі жайлы сыр шертеді.

2017 жылы ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын әрпімен жазылған кітаптар қойылды. Оның ішінде латын графикасындағы алғашқы қазақ әліпбиі, тіл білімі жайындағы ілкі басылымдар, Абай туындылары, қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылар – Ахмет Байтұрсынұлы және Сәкен Сейфуллиндердің шығармалары бар.

2018 жылы Дүниежүзілік экономика форумының Жаһандық бәсекеге төзімділік рейтингінің «Инфрақұрылым» санатында Қазақстан энергияның қолжетімділігі бойынша әлемде бірінші орынға лайық деп танылды.

2019 жылы Ақтөбедегі Назарбаев мектебінің оқушылары Асан Қожин мен Нұрдәулет Таумергенов BlindHelper атты зағип жандарға арналған навигациялық жүйесі бар қол-таяқ жасады. Жобаның міндеті – көру қабілеті нашар адамдарды бағыттауға арналған әмбебап құрылғыны жасау болатын. BlindHelper адамның орналасқан жерін табады және нейрондық желілерді қолдана отырып қажетті пунктке апарады. Оны пайдалану үшін үшінші тараптың көмегі қажет емес. Басқару және навигация қарапайым және интуитивті форматта өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT