17 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де EXPO аумағындағы Astana hub C4.6 корпусында құрылыс компанияларынан жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу механизмінің енгізілуіне арналған брифинг өтеді.

10.00-де «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және «Бастау Бизнес» жобасының 5 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Made in Nur-Sultan» жәрмеңкесін ұйымдастырады.

11.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде белгілі жазушы, драматург, Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Ф. Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Роза Мұқанованың «Сарра» атты драматургиялық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

14.00-де The Ritz-Carlton қонақ үйінде BTS Digital компаниясы Kundelik оқыту платформасының ішіндегі Aitu мессенджерін біріктіру арқылы жасалған жаңа чат туралы баспаөз жиынын өткізеді.

14.00-де ЭКСПО аумағында «StopMusor» әлеуметтік жобасы аясында «Экономика қызметіндегі тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық конференция өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде

«ҚР IТ-стартаптар мен IТ-экспортын дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев, Astana Hub IT-стартап технопаркінің корпоративтік инновациялар басқармасының директоры Жанерке Егеубаева, «EGISTIC» жобасының менеджері Жандос Керімқұлов;

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы қалалық форум өткізеді.


Соңғы жаңалықтар