17 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру және ҚР тауарларды таңбалау және олардың бақылануы тақырыбы қаралады.
Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.
9.30-да «Ашық диалог» порталында «Елдегі діни ахуал туралы» интернет конференция өтеді.
Конференция барысында діни ахуалды талдау және мониторинг жүргізу, оның даму үрдістері және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары талқыланады.
15.00-де Еуразия ұлттық университетінде тұңғыш қазақ антропологы, қазақ халқының шығу тегі мен генеологиясын зерттеуші, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов пен көрнекті ғалым-антрополог Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабының таныстырылымы өтеді.
АЛМАТЫ
11.30-да iAzamat интерактивті қосымшасының іске қосылуы туралы онлайн брифинг өтеді.
Оған Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев және IT кеңес өкілі, «Method digital education» Қазақстандағы бағдарламалау мектебінің директоры Ердос Меңдібаев қатысады.
14.00-де 2020 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы туралы онлайн брифинг өтеді. Оған Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков қатысады.
- Жамбылда аузымен сурет салып, кесте тоқитын ерекше қыз тұрады
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді
- Елордада пандемия кезеңінің барлық талабына сай келетін емхана ашылады
-
Алматыда 2 адам табиғи газдан уланып көз жұмды
-
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам