+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

17 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 17 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
17 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 17 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық студенттер күні

Прагада 1939 жылғы 17 қарашада неміс-фашист басқыншылары атып өлтірген чех патриот-студенттерін мәңгі есте қалдыру үшін Прагада 1946 жылы өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде бекітілді.

Әзербайжанның ұлттық қайта жаңару күні

1988 жылы бұл күні Бакудегі Ленин алаңында (қазір Азаттық алаңы) бұрынғы Кеңес Одағы орталық билігінің Таулы Қарабақтағы шиеленіске қатысты саясатына қарсы наразылық білдіріп, Әзербайжанның КСРО құрамынан шығарылуын талап еткен ұрандар айтылды. 1992 жылы Әзербайжанның ұлттық қайта жаңару күні мемлекеттік мереке болып бекітілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1837 жылы 17-24 қараша күндері Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Жасқұста хан жасағымен шайқасты.

1993 жылы Гейдар Әлиев атындағы «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамы құрылды. Қоғам Қазақстан мен Әзербайжанның екіжақты өзара қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарып, Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында достық байланысты нығайту ісіне үлесін қосып отыр.

2005 жылы Қазақстанның орталық спорт клубының альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Антарктидада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, салтанатты түрде лагерь ашты. «Қазақстан - Антарктида-2005» спорттық-альпинизм және шыңға өрмелеушілер командасы Оңтүстік полюстегі осы уақытқа дейін ешкім бағындырмаған бес құзар биіктіктің төбесіне табан тіреді. Сөйтіп, бұл биіктіктерге «Қазақстан шыңы», «Астана шыңы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңы», «Әл-Фараби шыңы», «Оңтүстік Олимп биіктігі» деген ат берді. Осылайша, Антрактида картасында жаңадан шыңдар пайда болды.

2010 жылы Алматы қаласындағы К.Кожамжаров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында танымал қазақстандық хореограф, балет шебері, ҚР Халық әртісі Болат Аюхановқа әлемдік мәдениетті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Халықаралық Сократ сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. «Socrates Award Ceremony» атты Халықаралық Сократ сыйлығы - бұл кәсіби саладағы жетістіктердің бағасы, ең жоғары, халықаралық дәрежеде мойындау белгісі. Болат Аюханов –Қазақстандағы бұл сыйлықтың алғашқы лауреаты.

2014 жылы Алматыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ фольклорының 100 томдық «Балабар сөзі» жинағының таныстырылымы өтті.

2014 жылы Қостанайда зағип ақындар шығарған өлеңдердің алғашқы жинағы жарыққа шықты. «Сезімдер кемпірқосағы» («Радуга чувств») деп аталатын жаңа кітапқа бүкіл облыстағы «ерекше» тоғыз ақынның шығармалары кірді.

2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы бекітілді. Стипендияның ай сайынғы көлемі – 20 АЕК.

2016 жылы Қостанай облысының Қостанай мен Таран аудандары мен Рудный қаласының шекарасына өзгеріс енгізілді. Жалпы ауданы 5288 га болатын Қостанай және Таранов аудандарының жер бөлігі облыстық маңызы бар қала Рудный шекарасына қосылды.

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген орындаған «Moonlight over the Sea» əні АҚШ-та өткен HOLLYWOOD MUSIC IN MEDIA AWARDS марапаты кешінде «Видео ойындағы үздік саундтрек» аталымы бойынша жеңіске жетті. Үздік санудтрек атанған «Moonlight over the Sea» əні Қытайдың «Moonlight Blade» атты 3D форматтағы онлайн интернеттік ойынына арнап жазылған.

2017 жылы қазақстандық шахматшы, төрт дүркін әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Ұлттық ізгі ниет елшісі атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT